Әлеуметтік әмиян жобасы және оның іске қосылу уақыты
Үкімет басшысы Олжас Бектенов «әлеуметтік әмиян» жобасының іске қосылу мерзімдерін белгіледі. Бұл туралы Kazinform агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік әмиян – бұл азаматтардың әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды цифрлық түрде алу және басқару мүмкіндігін беретін электронды платформа. Бұл жүйе мемлекеттік қызметтерді жеңілдетіп, процестерді автоматтандыруға бағытталған.
«Әлеуметтік әмиян» енгізу жобасы банк карталарына балама ретінде азаматтарға қолайлы мүмкіндіктер береді. Бұл әмиян әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды қорғауға және банктердің, коллекторлар мен салық органдары тарапынан өндіріп алудан қорғайды.
Әлеуметтік әмиянның негізгі артықшылығы – оны Ұлттық банк жүйесінде әрбір қазақстандықтың ЖСН бойынша ашу мүмкіндігі. Бұл екінші деңгейдегі банктерге шот ашу немесе банк картасын жаңарту үшін (әр үш жыл сайын) жиі бару қажеттілігін жояды. Сонымен қатар, әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде және проактивті түрде әмиянға аударуға мүмкіндік береді.
Әлеуметтік әмияндағы қаражат банктердің, коллекторлардың және салық органдарының талаптарынан заң бойынша қорғалады. Әмиянның қауіпсіздігі жоғары стандарттарға сәйкес қамтамасыз етіледі, соның ішінде екі факторлы аутентификация мен дербес деректерді қорғау шаралары қарастырылған. Әмиянның банктер мен электронды төлем жүйелеріне қойылатын барлық талаптарға сай болатыны атап өтілді.
Әлеуметтік әмиян арқылы онлайн төлемдер жасауға болады, мысалы, коммуналдық қызметтер, телефон қызметтері үшін төлемдер. Әмиянды банктік картаға қосып, картаны да пайдалану мүмкіндігі болады. Азаматтар әлеуметтік әмиянды пайдалану барысында ешқандай қиындыққа тап болмайды, соның ішінде қаражатты қолма-қол алу мүмкіндігіне де қол жеткізеді. Әлеуметтік әмияннан қаражатты банктік картаға аударуға немесе қолма-қол ақшаға айырбастауға болады.
Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік әмиян жобасы бойынша негізгі бағыттарды анықтап, Цифрлық даму министрлігіне нақты мерзімдер белгілеп берді. Нақты айтқандп, 1 желтоқсанға дейін министрлік мемлекеттік қызметтердің тізімін бекітуі қажет, бұл қызметтер цифрлық төлем құжатына енгізіледі.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, еңбек, денсаулық сақтау, білім министрліктерімен және облыс әкімдіктерімен бірлесіп, бұл құжатты енгізу жұмыстары басталады.
Премьер-министр заңнамалық өзгерістер енгізу жұмыстарын ағымдағы жылдың соңына дейін аяқтау қажеттігін атап өтті.
Міндеттердің бірі – «электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологияларын енгізу. Бұл жұмыс нәтижелері биылғы желтоқсанда жариялануы жоспарланып отыр.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте халқына жасаған Жолдауында қазіргі әлеуметтік қолдау шаралары азаматтардың нақты табыстарын ескермей жүзеге асырылатынын, нәтижесінде мұқтаж емес бай отбасылар да көмек алатынын атап өтті. Мемлекет басшысы келесі жылдың басынан бастап «әлеуметтік әмиян» механизмін енгізуді тапсырды, бұл арқылы мемлекеттік қолдау шынайы қажеттілігі бар азаматтарға бағытталуы тиіс деп көрсетті.