Аспаздық әлемінде табысқа жету жолы
Дмитрий Дулов – Sun Group Asia холдингінің Алматы және Баку қалаларындағы More&More мейрамхана брендінің аға аспазшысы. Оның тамақ дайындауға деген қызығушылығы бала кезінен басталады: отбасылық мерекелерде анасына тамақ дайындауға көмектескен ынтасы өсе келе оның кәсібіне айналды.
Өзінің кәсіби жолын Дмитрий 16 жасында бастап, міне, 20 жылдан астам уақыт бойы қонақтарды талантымен қуантып келеді. Алғашында ол Ташкенттегі мейрамхананы басқарып, кейін Алматыдағы More&More-нің бренд-аспазшысы болды. Екі жылдың ішінде оның мейрамханасы қонақтардың жүрегін жаулап алып, қаладағы ең танымал орындардың біріне айналды. Қазір Дмитрий екі елде – Қазақстан мен Әзірбайжанда жұмыс істейді, бұнда жақын арада жаңа мейрамхананың ашылуы жоспарланып отыр.
Мәзірге тағамдар таңдау – Дмитрий үшін шығармашылық процесс. Өйткені әртүрлі идея кез келген уақытта пайда болуы мүмкін. Мәселен, ыдыс-аяқтың алуан түрін көргенде, базарда жүргенде немесе ингредиенттерді таңдау кезінде. Ол әрқашан негізгі ингредиенттің дәміне басымдық беруге тырысады және азық-түліктерді араластыра отырып, тәжірибе жасайды.
Ингредиенттердің сапасы оның жұмысында маңызды рөл атқарады, әсіресе More&More мейрамханасында ұсынылатын теңіз өнімдерінен жасалатын тағамдардың құрамындағы өнімдер табиғи әрі балғын болуы тиіс. Мекемені таза өнімдермен қамтамасыз ете отырып, Дмитрий осы күрделі мәселенің шешімін оңай тапты.
Тағамды қонаққа ұсынарда ыдыс-аяқ өте маңызды рөл атқарады. Дмитрий үшін бұл жай ғана ыдыс емес, бұл – жалпы үйлесімділіктің бір бөлігі. Ол ыдыс-аяқ таңдау процесін әдемі суретке жақтау таңдау процесімен салыстырады: яғни ұсынылған тағамның сәнін келтіріп, ерекшелендіре түсуі керек. Сонда ол тамақтанушылар үшін жағымды атмосфера сыйлайды.
Дмитрий үшін нағыз бақыт – үстелде бос тәрелкелерді көріп, қонақтардың разылығы мен ас мәзірі туралы жағымды пікірлерін есту. Ол өз ісін мақтан тұтады және әрбір ұсақ-түйекке ерекше мән бере отырып, әрқашан да жоғары нәтижеге ұмтылады.
Дмитрийдің аспазшы мамандығына деген сүйіспеншілігі мен құштарлығы жас аспаздар үшін үлгі, өйткені олар Дмитрийдің бойынан білікті маманды ғана емес, сонымен қатар өз білімімен және тәжірибесімен бөлісуге дайын нағыз талантты тәлімгерді көре алады.