Билл Гейтстен Топ 5 кітап

Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс өз блогында осы жылы оқыған ең үздік бес кітабының тізімін жариялады. Ол жасөспірім кезінен бастап ғылыми фантастика жанрындағы шығармаларды жиі оқитынын айтты. Досы Пол Алленмен бірге Айзек Азимовтың «Құрылу» (Основание) трилогиясын сағаттап отырып талқылай алатындығын мойындады. Пол Аллен оның досы ғана емес, сонымен қатар Microsoft негізін салушы серіктесі.

 

 

Миллиардер өзінің Gates Notes блогында оқыған кіаптарының тізіміне биыл  sci-fi жанрындағы екі таңғажайып шығарма қосылғандығын айтты. Бірінші кітаптың оқиға желісі күн ғаламшарынан 12 жарық жыл қашықтықта басталса, ал екіншісі Америкада жалғасын табады. Билл Гейтс бұл кітаптар оған ірі мәселелер туындаған кезде адамдар мен технологиялардың жойқын күші туралы ойлануына себеп болғанын айтады.

Біздің редакция сіздер үшін Билл Гейтс оқуға кеңес берген кітаптар тізімін ұсынады.

«A Thousand Brains: A New Theory of Intelligence» (Мың ми: интеллекттің жаңа теориясы) Джефф Хокинс.

Нейробиолог, Рalmpilot көмекшісін ойлап тапқан өнертапқыш нейробиология мен машиналық оқыту арасындағы байланыс туралы он жылдық тұжырымдамасына негізделген ми мен жасанды интеллекттің жаңа теориясын сипаттайды.

«The Code Breaker» (Кодты бұзушы) Уолтер Айзексон.

Биохимик, әрі Нобель сыйлығының лауреаты Дженнифер Дуднаның CRISPR геномын өңдеу технологиясын жасау тарихы туралы.

«Klara and the Sun» (Клара және күн) Кадзуо Исигуро.

Бұл кітап науқас қыздың досына айналып, оны құтқаруға тырысқан Клара атты андроид туралы. 

«Hamnet» (Хамнет) Мэгги  О'Фаррелл.

Шекспирдің жеке өмірі оның әйгілі пьесаларының бірін жазуына қалай әсер еткені туралы әсерлі роман. Автор оқырмандарды Уильям Шекспирдің өмірі мен "Гамлетті" жазу кезеңіне мүлдем басқа көзқараспен қарауды ұсынады.

«Project Hail Mary» "Жасасын Мария" жобасы, Энди Уир.

Оқиға желісі басқа әлемде оянған мұғалім туралы. Кейіпкер ғылым мен инженерлік дағдылардың көмегімен үйіне оралуға тырысады.

Сонымен қатар, Билл Гейтс әдебиет әлеміне саяхат жасайтын жаңа жылдық бейнежазба жариялады.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Фото: ашық дерек көзінен

Көбірек оқыңыз