Бизнес әлемінің бәрнеше салаларын үйлестіріп жүрген полиглот

Гауһар Қаппарова – заманауи іскер әйелдің жарқын мысалы. Ол өз жолын 2000 жылы бөлшек саудадан бастады. Алғашында қара түнек болып көрінген түсініксіз істі қолға алған Гауһар бүгінде  G&G Glamour компаниясының негізін қалаушы және вице-президенті, ол «Дара» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Гүлнар Досаеваны бірлесіп жұмыс істеуге шақырады. Олар Қазақстандағы алғашқы MaxMara франчайзингтік дүкенін ашты.

Адал достар жұмыстарын әлі күнге дейін бірге жалғастыруда. Бүгінгі таңда Гауһар Қаппарованың басқаруында люкс сегментіндегі брендтік киімнен бастап, мұнай өндіруге дейін әртүрлі бағыттағы активтер бар.

  1. Бизнестің бірнеше түрін қатар дамыту үшін, энергия мен күшті қайдан алуға болады? 

Бір уақытта бірнеше бизнесті табысты басқару ең алдымен нақты пайымдауды талап етеді, әрі олардың әрқайсысын терең білу керек. Осы тұрғыда біздің Гүлнар Досаевамен 30 жылдан асқан достығымыз басты рөл атқарады. Бүгінде талай адам көп жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан табысты компанияның негізін біз бірге қаладық. Менің ойымша, біздің достығымыз – өмірде сирек кездесетін ғұмырлық достық, мен оны шексіз бағалаймын. Бизнеске қатысты бірлесіп қабылданатын шешімдер – бұл біздің өмірлік көзқарастарымыз бен бір-бірімізді толықтыра алу қабілетіміз. Бұл бізге кез келген мәселеде дұрыс негізделген шешім қабылдауға көмектеседі. Қоғам мен жалпы экономиканың дамуына қосқан өзіндік үлесіміз осы. Бұл мотивация маған барлық қиындықтарға қарамастан алға ұмтылуға күш-қуат береді. 

Гауһар Қаппарова – 20 жылдан бері Қазақстандағы G&G Glamour жетекші сән ритейлерінің негізін қалаушы, Fendi, MaxMara, Sergio Rossi, Weekend және Marina Rinaldi итальяндық сән үйлерінің дистрибьютері, Lancastar Group Kazakstan АҚ акционері, YPO Kazakhstan мүшесі, Гарвардтағы Executive MBA 2017 Бизнес мектебін бітірген, Нұрлан Қаппаров атындағы қоғамдық қорының құрылтайшысы, Гарвард Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінде «Нұрлан Каппаров атындағы түлектердің стипендиялық қорының» негізін қалаушы, ауыл мектептеріне арналған «IQanat» білім беру жобасының сенімгері.

L'Officiel Kazakstan журналының бас редакторы және LUX журналының редакторы (Лондон, Ұлыбритания). Ол қазақ, орыс, ағылшын, итальян және француз тілдерінде сөйлейді.

  1. Сіздің күшіңіздің қайнар көзі қайда?

Менің күш-қуатымның қайнар көзі өмірімнің үш негізгі аспектілері арасындағы үйлесімділікте жатыр: үнемі дамуға ұмтылу, салауатты өмір салтын ұстану және кетігін тауып, қоғамның бір кірпіші болып қалануға ұмтылу. Біріншіден, білім менің өмірімде басты рөл атқарады. Гарвардты бітіру білім жолындағы соңғы нүкте емес, ол маған, керісінше, тұрақты түрде өз-өзіңді оқыту әлеміне есік ашты. Білімге деген құштарлық маған дамуға, үйренуге және басқа адамдардан үлгі алуға мүмкіндік береді. 

  1. Заманауи әйелдің бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Қазіргі тез өзгеріп жатқан әлемде заманауи әйелде болуы керек қасиеттер негізінен жалпыадамзаттық құндылықтармен де, Қазақстанның бірегей мәдениеті мен дәстүрлеріне де байланысты аспектілерге қарай анықталады. Қазақстанда отбасылық құндылықтарға, үлкенге құрмет және мәдени мұраны терең түсінуге үлкен мән беріледі. 

  1. Қандай әйелдерден шабыт аласыз? 

Мені әртүрлі салалардағы көптеген әйелдер шабыттандырады, бірақ біреуін таңдау керек болса, мен американдық кәсіпкер Шерил Кара Сандберг дер едім. Ол 2008 жылдан бастап Facebook СОО жұмыс істеген, 2012 жылдың маусымынан бастап – Facebook компаниясының тарихында Директорлар кеңесінің мүшелігіндегі алғашқы әйел. Оның қайтпас қайсарлығы, өмірге жаңа көзқарасы мен әлемге оң өзгерістер енгізуге деген ұмтылысы – мен үшін шабыттың қайнар көзі. 

  1. Сіз әйелмен қандай сөзді байланыстырасыз?

Әйел заты дегенде ойыма келетін сөз – «гармония». Бұл сөз әртүрлі салалардағы әйелдерге тән көптеген қасиеттер мен аспектілерді қамтиды. Гармония әйелдердің отбасылық өмірі мен мансабы, жеке мүдделері мен басқаларға қамқорлығы, мықтылығы мен нәзіктігі арасында әдемі үйлесім табуы. Әйелдер әлеуметтік, отбасылық және кәсіби байланыстардың ортасында тұрақтылық пен жайлылық атмосферасын қалыптастыра отырып, қиын сәттерде шабыттандырып та жүреді.

 

Көбірек оқыңыз