Constella jewellery - жарқыраған шоқжұлдыздар
Зергерлік бұйымдар ерте заманнан бері адамдардың ерекше ықыласы мен назарын аударып келеді. Асыл металдар мен тастардан зергерлік бұйымдар шығаратын әрбір кәсіпорынның өзіндік бай тарихы, ерекше белгілері, қолтаңбасы бар. Оның ішінде 10 жылдан астам тарихы бар Constella бренді зергерлік брендтердің шоқжұлдызына айналған.
Constella компаниясының негізгі құндылықтары зергерлік бұйымдар саласындағы барлық жаһандық трендтерді ұстануды және жоғары сапалы қызмет көрсетуді, клиенттермен жылы және сенімді қарым-қатынас орнатуды қамтиды.
Constella топтамасында Utopia, Crivelli, Casato Roma, Magerit сияқты еуропалық талғампаз брендтер, сондай-ақ Tirisi, Bee Goddess, Axenoff Jewellery, Liza Belotserkovskaya сияқты жас және прогрессивті бренд атаулары біріккен.
1. Utopia – зергерлік бұйымдардың ең жоғары стандарттарын белгілейді. Бренд атауы мінсіз әрі кемелді өмір сүруді білдіреді. Барлық коллекциялары інжу-меруерт, гауһар тастармен ерекшеленетін брендтің жауһарлары көздің жауын алады. Олар өздерінің талғампаз дизайнымен, айқын даралығымен және зергерлердің виртуоздық жұмысы арқылы әртүрлі эмоциялардың тұтас спектрін жеткізу қабілетімен ерекшеленеді.
2. Crivelli – бүкіл әлем бойынша сәнгерлердің сүйіктісі. Бұйымдардың әрқайсысында түрлі стиль шебер біріккен. Атап айтқанда шығыстық сән-салтанат пен батыстық ұстамдылық, классикалық талғампаздық пен заманауи шығармашылық брендтің негізгі стилі.
3. Casato Roma – люкс сегменттегі зергерлік бұйымдар. Бұл брендтің негізгі сипаттамасы: авангардтық стиль мен шығыс мотивтері.
4. Magerit – сапалы түстер мен тастардың батыл үйлесімі испан мәдениеті мен ұлттық дәстүрлерімен үйлеседі.
5. Tirisi Moda топтамасының негізі - былғары бау, ілмек және кулоннан тұрады. 3 элементті қолдана отырып, сіз бір уақытта сәнді білезік пен алқаны аласыз. Бриллианттардан, топаздардан, аметисттерден, аквамариндерден, 18 караттық алтыннан және күмістен жасалған талғампаз жылтыратылған жақтаулардағы қызғылт кварцтан жасалған Тириси кулондары жарқын, алуан түрлі шнурлар палитрасымен бірге сыртқы көріністі ашуға мүмкіндік береді.
6. Bee Goddess-тің әрбір әшекейі сіздің жан дүниеңіздің жарқырауын көрсететін айна ретінде қызмет етеді. Ең құндыны таңдай отырып, сіз өзіңіздің ұлылығыңызбен терең байланыс жасайсыз.
7. Axenaff jewellery – ресейлік суретші және коллекционер Петр Аксенов жасаған түпнұсқалық бренд. Брендтің эстетикасы орыс мәдениеті мен тарихына негізделген және бұл әр модельдің дизайнында көрінеді. Асыл бұйымдарды жасау кезінде заманауи технологиялар да, 16-19 ғасырлардағы отандық зергерлер жинақтаған бай тәжірибе де қолданылады. Axenoff зергерлік бұйымдары қолмен жасалады, сондықтан өндіру және жеткізу 1-ден 3 аптаға дейін созылады.
8. Liza Belotserkovskaya – гламурлық готика! Лиза Белоцерковскаяның ресейлік брендінің зергерлік бұйымдарын осылай сипаттауға болады. Оның негізгі идеялық шабыттандырушысы Марина Белоцерковская бірнеше жыл бойы өзінің «қолжазбасын» іздеп, зергерлік бұйымдардың кескіндері мен пішіндерімен тәжірибе жасай отырып, ортағасырлық сәулет стиліне көбірек тартылғанын түсінді. Нәтижесінде, 2012 жылы Марина қызы Лизаның дүниеге келуімен бір мезгілде өзінің зергерлік бұйымдарының брендін шығару арқылы танымал болды.
Зергерлік бұйымдардың шоқжұлдызы саналатын Constella-ның әрбір бренді мен бұйымы бірегей стильмен және авторлық дизайнмен үйлеседі. Асыл тастардың түпнұсқа пішіндері ешкімді бей-жай қалдырмайтыны сөзсіз.
Авторы: Айнұр Қожахмет
Фотосуреттер: ашық дереккөз