Дипломатия өнері

Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігі мен Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Елшісі, Қазақстан Республикасының Еуроодақ және НАТО жанындағы өкілдігінің басшысы Museofnomad журналының тарихындағы алғашқы шығарылымның тұсаукесер рәсімін мемлекетіміздің Брюссельдегі елшілігінде өткізуге зор үлес қосқан Марғұлан Бақытұлы Баймұхан басылымымызбен көшпенділердің жеті қазынасы, дипломат болу өнері және әрине, отаны жайлы ойларымен бөлісуге келісті.

Сіздің дипломатиялық қызметте үлкен тәжірибеңіз бар және шет елдерде мемлекетіміздің мүддесін қорғаудасыз. Мамандығыңыз туралы айтып берсеңіз. Сізге ол несімен ұнайды?

– Менің ойымша, дипломат – бұл бірқатар басқа мамандықтарды біріктіретін ерекше мамандық. Білікті дипломат сарапшы, саясаттанушы, экономист, тарихшы, философ, тіпті өнертанушы болуға тырысуы керек. Кез-келген сұхбаттасушының тілін табу үшін белгілі бір дәрежеде  психолог та болу керек.

Барлық қиындықтары мен ерекшеліктеріне қарамастан бұл қызықты мамандық. Мен үшін дипломатиялық жұмыс – бұл ең алдымен Отан мүддесіне қызмет ету, басқа елдермен берік қарым-қатынастарды дамыту, саясат, экономика, мәдениет және туризм салаларында өзара тиімді қызықты жобаларды жасау және іске асыруға мүмкіндік.

Шетелде қазақ халқының мәдениеті қалай ұсынылған? Бельгияның тұрғындары қазақтардан кімді біледі? 

– Үш онжылдық бойы Қазақстан мен Бельгия арасындағы ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша, соның ішінде мәдениет пен әдебиет саласында қарқынды дамып келеді.

Бельгия оқырмандарына Абай Құнанбайұлының шығармашылығын қоса алғанда, француз және нидерланд тілдеріне аударылған қазақстандық ақындар мен жазушылардың бірқатар еңбектері ұсынылды. 

Заманауи көшпендіні қалай елестетесіз? Ол қандай және немен айналысады? Көшпелі мәдениет бүгінде қалай танылады?

– Жаһандануға негізделген қазіргі әлемнің ашықтығы номадизмді заманауи өмір сүру тәсілі ретінде түсінуді ұсынады, ал бұл номадизм барлық мемлекеттердің, халықтар мен мәдениеттердің біріктірудің бастауына айналады деп түсінуге болады деп ойлаймын.

Және соңғы сұрақ: біздің Museofnomad ақпараттық порталы “көшпенділер музасы немесе шабыты”деп аударылады. Сіз қалай ойлайсыз көшпендіні шабыттардырған не?

– Ежелгі қазақ аңызында cөз болғандай, нағыз көшпенді жеті қазынаға ие болуы керек. Жеті қазына – ер жігіт, ақылды және сұлу әйел, жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ит, берен мылтық және ақыл-ой. Ақылды әйел ырысыңды арттырып, ошағыңды қорғайды, жүйрік ат ұрыс алаңында жау қолына жықпайды, берен мылтық нысанаңнан жаңылдырмайды, қыран бүркіт пен құмай тазы аңшылықтан олжасыз қайтармайды, ал жан-жақты білім барлық байлықты дұрыс басқаруға және дана шешім қабылдауға көмектеседі.

 

Автор: Ерлан Нүкенов

Фото: Елшінің жеке мұрағатынан

Көбірек оқыңыз