Еркіндік қанмен келген
Бекзат Сарманов – «Элитстрой групп» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы. Табысты инженер-құрылысшы, танымал меценат, ірі инвестор, қамқор әке және сүйікті ата.
Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бекзат Сарманов ҚР спорттық күрес қауымдастығын құрудың бастамашысы, ҚР грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясын басқарған, 2007 жылы FILA (халықаралық күрес федерациясы) Сенаторлық клубының мүшесі болып сайланған. Ол басқа да спорт түрлерін белсенді түрде қолдап отырады. Алматыда гольф бойынша жыл сайын дәстүрлі Elitstroy Club Championship турнирі және тау шаңғысы бойынша көктемгі «Элитстрой» Кубогы өткізіліп тұрады.
Баспадан кітап шығару және түрлі мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жағын қаржыландырады.
– Қазақстан сізге қандай ерекшелігімен ұнайды?
– Ең алдымен маған адамдар, біздің халқымыз ұнайды. Қазақстандықтар өте қонақжай, қайырымды, әрі көңілді. Бұл біздің ерекшелігіміз. Өзара қарым-қатынаста тек біздің халқымызға ғана тән ерекшеліктер бар. «Үлкенге құрмет, кішіге ізет» демекші, біздің елімізде бұл өзгеше көрініс табады. Мен осы уақытқа дейін көп саяхаттап, әлемнің біраз елдерін араладым. Бірақ біздің арамыздағы бауырмалдыққа ештеңе жетпейді. Табиғатымыз да, ұлттық тағамдарымыз да, мәдениетіміз де, дәстүрлеріміз айырықша сұлулыққа ие. Мен елімді қатты жақсы көремін.
– Қалай ойлайсыз, көшпенділер музасы болу дегеніміз не? Олар шабытты қайдан алды?
– Меніңше, біздің халқымыз бұрыннан әрдайым ізденісте болған. Біз сол кездерден-ақ жаңашылдыққа ұмтылдық. Танып-білуге деген талпыныс жаңа жетістіктерге итермеледі. Менің ойымша, көшпенділердің музасы болған – бостандық. Ал шабыттандырған – еркіндік. Дәл осы қасиеттер өзіңді түсініп, дамытуға, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуға көмектеседі. Менің ойымша, бұл қанмен келген қасиет. Бүгінде мен көптеген жастармен бірге жұмыс істеймін. Олардың бойында ой еркіндігі де, таңдау еркіндігі де бар.
Сұхбаттасқан: Мөлдір Адамжан
Фотограф: Айдын Ахмет, @aidyn_ahmet