Ғасырлар бойына
Ashley HomeStore американдық жиһаз брендінің бірінші қазақстандық дүкені 2018 жылы Алматыда «Armada» сауда орталығында ашылған. Қазіргі таңда аталмыш дүкендер желісі еліміздің үш ірі қаласында бар. Ал клиенттер легі осы күнге дейін үзілер емес.
Осы сәтті бастаманы бастаған – Ashley Furniture Homestore Kazakhstan компаниясының бас директоры Ботагөз Садықбаева, талантты және өз ісіне берік басқарушы. Ботагөз Сұлтанқызы Ashley брендіне шынымен ғашық, әрі оның осы махаббаты Museofnomad бас редакторы Игорь Топорковты да жаулап алды. Сұхбат Қазақстандағы алғашқы Ashley дүкенінің интерьерінде өтті, сондықтан да оның атмосферасын сезінбеу мүмкін емес еді.
Ashley HomeStore бренді – американдық бренд, бірақ ол әлдеқашан бүкіл әлемге танымал болып кеткен. Оның идеясы мен бірегейлігі неде деп ойлайсыз?
Жалпы, брендтің бірегейлігін бір сөзбен сипаттауға болады — ол отбасы.
Әзірге түсініксіздеу, бірақ осы интерьердің ішінде отырғанда,отбасылық бір жылулық сезіледі. Сонда да түсіндіріп өтейік.
Ashley HomeStore компаниясының барлық жиһаздары шаңырағымызға деген үлкен махаббатпен жасалған, бұл жиһаздар үйдегі жайлылық пен жылудың, махаббаттың негізінде жасалған. Бұл өзіңнің ұрпағыңа, немерелеріңе мұрагерлікке қалдырғың келетін жиһаз. Әрқайсымызда есімізге түскен сайын жүрекке жылу сыйлайтын әжеміздің сандығы немесе атамыздың отыратын орындығының образы бар екені анық. Ashley HomeStore жиһазы заманауи болғанымен, оның бойында ондаған жылдарға сақталып қалатын мықты рух бар.
Жалпы, Ashley брендінің түп негізі — клиентке деген қамқорлық. Жиһаз сатып алатын адамға қамқорлық білдіру дегеніміз не? Бұл оның таңдауын барынша жеңілдету. Ал жиһаз таңдау — бұл бар болғаны диван немесе кресло таңдап алу ғана емес. Бұл дегеніміз – сіз тұратын үйдің өзіндік образын жасау. Ал Ashley жиһазын таңдаған кезде үйдегізаттардың, оның түсінің, матасының және аксессуарларының сәйкестігі туралы ойлап керек емес. Өйткені сіздің үйіңізге қажетті жиһаздың ең жақсысы мен ең тиімді нұсқаларын сіз үшін біздің мамандар таңдап береді, оларда таңдауға жиһаздар мен аксессуарларды бір-біріне сәйкестендіре отырып құрастырған, дайын нұсқалар бар.
Тамаша, алайда көптеген адамдар өздерінің интерьерлерін ерекше деп санайды, әрі дайын нұсқалар оларға жарамайды деп ойлайды.
Ондай жағдай үшін бізде «өлшеу» қызметі бар. Бұл – сатып алушының таңдаған бұйымдары оның интерьеріне толық сәйкес келетіндігіне жүз пайыз кепілдік бар деген сөз.
Бәрекелді. Классика мен модерн туралы әңгімеге қайта оралсақ. Заманауи жиһаздарға тым асқан утилитарлығы үшін жиі сын айтылады.
Бұндай сынның айтылуы көбінесе әділетті. Бірақ Ashley жиһазы – бұл антиквариаттың имитациясы емес екендігін, онда еуропалық және американдық дәстүрлердің де, заманауи сәннің де ең жақсы түрлері бар екендігін түсіну керек. Мысалы, біз сұхбаттасып отырған залда бес түрлі стиль бар. Олардың бірі — Family Space. Бұл теледидар көруге, туған-туыстармен әңгімелесуге, үстел үсті ойындарын ойнауға арналған қонақ бөлмеге қажетті жиналмалы дивандар, ағаш төсектер. Бір жағынан, олар күнделікті өмірде қолайлы, әрі ыңғайлы. Басқа жағынан алғанда, мұндай жиһаздарды дайындау үшін қатты ағаш пайдаланылады. Ал ағаш — бұл нағыз жайлылық. Соған қарамастан, жиһаз қолжетімді бағамен сатылады. Яғни, қолжетімді бағаға клиент жоғары сапалы дизайн алады. ТМД елдерінде мұндай жоқ деуге болады.
Бренд 1945 жылдан бері бар, бұл – бірнеше ондаған жылдар бойы жұмысындұрыс жолға қойып, талайды өзіне таңсық қылған стиль.
Ashley HomeStore – ұлтаралық бренд, дегенмен де ол АҚШ-та пайда болған. Американдық брендтер әлемдік нарыққа шыққан кезде олар өз тауары мен маркетингін басқа елдердің ыңғайына қарай бейімдейді. Ал Ashley Қазақстанға қалайша бейімделді?
Брендтің негізіне қаланған идея қазақстандық нарық үшін қандай да бір күрделі бейімделуді талап етпейді. Жоғарыда айтып өткенімдей, Ashley — бұл отбасына жайлы болу үшін жасалған жиһаз. Ал отбасының жайлылығы дегеніміз – бұл қонақжайлылық, дәлірек айтқанда, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Грузия мен Армения да осы қонақжайлылық қасиетімен бүкіл әлемге танымал болып отыр.Бұрынғы кеңестік аймақтыңосыелдеріндебіздің бөлімшелеріміз бар. Онда қонақ күтуге арналған үлкен үстелдер, қонақтарды отырғызу үшін диван, креслолардың бірнеше түрі бар.
Ashley ұсынатын ассортиментке толығырақ тоқталып өтейік.
Біздің залға кіргенде, сіздің сол жағыңызда – Vintage Casual стиліндегі жиһаз, оң жағыңызда – Urbanology, ал әрі қарай – Contemporary, Tradition Classic, Family Space, Modern Refinery. АҚШ дегеніміз не? Бұл ертеректе Еуропадан эмигранттар жаппай көшіп барған ел. Олар тұрғын үйді безендірудің өз стильдерін алып келді де, оны американдық үлкен кеңістіктерге қарай бейімдеді. Vintage Casual дегеніміз – дәл осы туралы.
Urbanology – бұл солтүстіктік, скандинавиялық стиль, байсалдырақ, металл элементтері қосылған. Tradition Classic — британдық классика. Біз Қазақстанға арналған модельдерді іріктеген кезде отандастарымыздың 60%-ы классикаға, 40%-ы — заманауи дизайнға қызығатындығын ескердік. Ассортиментті осыған сүйене отырып жинақтадық. Ashley HomeStore Қазақстанға 2018 жылы келді,сол кезде біздің кейбір ұсыныстарымыз дау тудырды. Мысалы, барға арналған үстелдерді сату — жаман идея деп айтқан еді. Ал ол, керісінше, нағыз табысты сауда болды: жер үйде тұратындар оны қуана-қуана алуда.
Біздің жиһаздардың тағы бір ерекшелігі — оғаноп-оңай реставрация жасауға, яғни жаңартуға болады.
Айтпақшы, бұл антикварлық жиһазы бар қожайындар үшін өте ауыр сұрақ!
Бұл бер жағы ғана. Мысалы, итальяндықтар комодтың үстіңгі қабаты оп-оңай алынатындай конструкция ойлап тапқан. Ол не үшін екендігін білесіз бе?
Итальяндық менталитеттің ерекшеліктерін ойша қарастырып отырмын, бірақ жауабын таппадым.
Себебі оның беткі, үстіңгі қабаты сырылып қалса, оны толықтай реставрациялау қажетболады ғой, ал оны жай ғана майлай салуға келмейді! Сондықтан беткі қабатын суырып алып, тегістеп, қажет материалын жағып, қайтадан қалпына келтіруге оңай болады деп үміттенеді, текағашының түсі дәл, тура келсе болғаны.
Сұмдық-ай!
Ashley массиві патинамен өңделген ғой, егер ол жерде қандай да бір сызат пайда болса, ол ағаштың түрінемүлде зақым келтірмейді.
Ashley тағы қандай тиімді шешімдер ұсынады?
Тиімдісі – олар оңай тазаланады, біздің кресло және дивандарымызды жырту өте қиын, өйткені олардың тігісіқосарланған. Сондай-ақ біздің дивандар адам өмірін де сақтап қала алады.
Қызық екен, осы жерден бастап толығырақ айтсаңыз!
Мысалы, диванға оттың шоғы түссе немесе толық шегілмеген темекінің қалдығы түсіп кетсе, ол әрі қарай алауланып тұтанбайды. Бар болғаны – диванда кішкентай ғана тесік пайда болады.
Ashley каталогында менің жүрегіме ыстық Nomad деп аталатын коллекция бар екен. Сол туралы айтып беріңізші!
Бұл қандай да бір жеке стиль емес, бұл қазақстандықтардың қалауына қарай іріктеліп алынған жиһаз коллекциясы. Бұл винтажды элементтері,теріден жасалған қосымшалары бар, венге түсінде жасалған заманауижиһаз. Бұл коллекцияда тұрғын үйді дәстүрлі түрде рәсімдеумен керемет үйлесім табатын аксессуарлар бар (шаңырақ, кілемдер), олқазіргі уақытта трендке айналған.
Біз бас жағы жирен түсті теріден, басқа жері венге түсінде жасалған төсек, қою қара комод, әдемі айна алдық, оның бәрі дәстүрлі қазақи нақышпен жасалып, үйлесім береді.
Мен айтып өткен стильдердегі жиһаздардың барлығы гранитте қашалып жасалған ерекше бір дүние емес, әртүрлі стильде жасалған жиһаздар бір-бірімен өте жақсы үйлесім табатындығынтолықтырып өткім келеді.
Ал енді әңгімені қазақстандық нарық туралы жалғастырайық. Біз Алматыда ең бірінші ашылған Ashley дүкенінде отырмыз. Бірақ ол жалғыз емес, мұндай дүкендер Астана мен Шымкентте де бар. Ендеше бір-бірінен өзгешелігі қандай?
Екінші дүкенді біз Астанадағы «Тұлпар» сауда орталығында аштық. Бұл, әрине, елордалық тұрғындарды қызықтырды. Астана Есіл өзені арқылы сол жағалау және оң жағалау болып екіге бөлінеді. Қалада екі жағалаудың тұрғындары бір-біріне бармайды деген қалжың да бар. Қалжың қалжыңымен, бірақ сол жақ жағалау тұрғындары өздерінде дүкен ашуымызды өтінді және біз олардың өтінішін орындадық.
Жаңа дүкенді ашудан, оған орын таңдаудан бұрын біз сол аудандағы тұрғындардың тығыздығы мен демографиясына талдау жасаймыз. Астанадағы оң жақ жағалауда халық тығыз орналасқан, сондықтан «Тұлпар» сауда орталығындағы дүкен үлкен трафикке есептелген. Ал сол жақ жағалаудағы дүкен кішірек.
Ал Шымкенттегі дүкенге келсек, бұл қаланыңхалқы ақжарқын, акциялар мен ауқымды іс-шараларды жақсы көреді. Біз ол жерде yout-sale, дизайнерлермен, блогерлермен кездесулерді жүйелі түрде ұйымдастырып тұрамыз. Оған қонақтар өте жақсы жауап қатады. Шымкенттегі бір клиент әйел ресторанның қожайыны болып шықты, ол бізден жиһаз сатып алғаннан кейін, біздің бүкіл команданы өзінің ресторанына қонаққа шақырды.
Біз Алматының орталығындағы, «Алтын шаршы» деп аталатын ауданда біз дизайнерлер отыратын студия аштық. Ол жерде ашық сұхбаттар, кездесулер өткізуді жоспарлап отырмыз. Тағы бір дүкенді Алматыда Төле би – Розыбакиев көшелерінің қиылысында орналасқан сауда орталығында аштық, сол ауданда қазір белсенді түрде құрылыс жүріп жатыр, демек, біздің тауарларымыз сұранысқа ие болады. Жалпы, бұл дүкен қала мен облыстың барлық тұрғындарына қызықты болады деп ойлаймын: ол екінші қабатта орналасқан, сонымен бірге қонақтар үшін қолжетімді эксклюзивті дизайнерлік коллекциялар бар.
Жалпы, біз тұрақты түрде барлық дүкендерде шеберлік сабақтарын, кездесулер өткіземіз. Мұндай кездесулер бізді клиенттер мен серіктестерге жақындастырады. Біз бір-бірімізге сезімдерімізді, тірі эмоцияларды сыйлаймыз: тәжірибемен бөлісеміз, әңгімелесеміз. Біз үшін бұл өте қымбат.
Енді мұхит асып өтейік. АҚШ-тағы бас кеңсемен қарым-қатынастарыңыз қалай жүргізіледі?
Біз өзіміздегі маркетингтік акцияларды олардың маркетинг бөлімдерімен кеңескеннен кейін ғана жүргіземіз. Егер АҚШ қандай да бір акция болса, оны өзімізге қарай бейімдейміз. Қазақстандық Ashley-ге Дрю есімді керемет менеджер жетекшілік етеді.
Біз онымен бірге екі керемет акция ойлап таптық — Yurt-sale және Nauryz-sale. Yurt-sale үшін біз автотұраққа қазақ үй орнатып, ол жерде өз өнімдерімізді жеңілдікпен саттық. Бұл көпшілік үшін күтпеген тосын жаңалық болды, тіпті бізден “жабылайын деп жатырсыздар ма?” деп те сұрады. Наурызда да осындай акция жасадық, сатып алушыларға ұлттық тағамдар мен сусындар ұсындық. Алдағы тамызда Family-sale, Black Friday акциясын ұйымдастырамыз. Американдық әріптестермен бірге ойлап тапқан тағы бір іс-шара – 12.12 акциясы, яғни 12 желтоқсанда барлық тауарға 50% жеңілдік жасау. Осы сияқты акция Alibaba компаниясында бар, бірақ оларда 11.11.
Сондай-ақ АҚШ әріптестеріміз бізге тренингтер өткізеді, біз оларды өзімізге сәйкестендіріп бейімдейміз. Басқа елдерде өткізілген акцияларды талқылаймыз.
Сіз осы саламен өмір бойы айналысып жүрген сияқтысыз, жиһаз туралы сондай бір ізгі сезіммен айтып отырсыз. Ashley-ге келген жолыңыз қандай болды?
Мен ҚазМУ-дің филология факультетін, орыс тілі және әдебиеті бөлімін бітірдім. Сол кезеңге алғысым шексіз: көне славян тілі, орыстың ежелгі әдебиеті – бәрі миды өте қатты дамытады. Мен ғылыммен айналыстым, бірақ 1990-жылдар келіп, қалай да болса өмір сүруге, балаларды асырауға тура келді. Достарым жиһаз дүкенін ашып, сонда кассир болуға шақырды. Менің бұл салада тәжірибем мүлде жоқ еді, сонда да келістім. Біраздан кейін қойма меңгерушісі, кейіннен көтерме жиһаз компаниясының директоры болдым. Ол жұмыс мен үшін өте табысты болды, бірақ уақыт өте келе компания ресторан саласына ауысып кетті, ол сала мен үшін тіпті жат болды.
Мен итальяндық және польшалық фабрикалармен байер ретінде жұмыс істей бастадым, менің достарым мен ұстаздарымның, Новосибирсктегі жиһазшылардың арқасында американдық жиһаз компаниясымен таныстым, 15 жылға жуық әртүрлі көрмелерде жұмыс істедім. Ал Ashley шақырған кезде мен бұл компанияны өте жақсы білетінмін және олар не себепті Қазақстанға келмейді деп таңданатынмын.
Менің Ashley-ге келуім өте қарапайым әрі қызық оқиға: балаларым «Headhunter» арқылы менің резюмемді осы жерге жіберіпті. Құрылтайшылар мені онлайн-сұхбаттасуға шақырып, бірден маған сенім білдірді. Біз сауда орталығында алты контейнерден бастадық, ал қазір бүкіл ел бойынша біздің желіміз таралған. Табысымыздың құпиясы – біз кез келген жаңалықтан қорықпаймыз және тағы бір құпия біздің керемет командамызда. Сатушылардың жұмысын мен өте жоғары бағалаймын және біздің қоғамда бұл мамандық дұрыс бағаланбаған деп есептеймін. Өйткені ең қиын да күрделі тапсырманы сатушылар орындайды ғой: клиентті сатып алуға көндіріп қана қоймай, ол қайтадан оралатындай етіп қызмет көрсетеді. Қазір біздің бөлімшелердің барлық басқарушылары — бұрынғы тамаша сатушылар, ал қойма меңгерушілері — бұрынғы ең жақсы бухгалтерлер.
Ashley HomeStore қазақстандық бөлімшесінің болашақтағы жоспары қандай?
Онлайн-сегментті дамытуды жалғастырамыз. Бір кездері біз Ақтауға, Атырауға және Ақтөбеге, одан кейін бүкіл ел бойынша тегін жеткізу жасадық. Бірақ, өкінішке орай, Қазақстанда логистика әлі дұрыс дамымаған, тасымалдаушылардың сапасыз жұмыстарынан көптеген ақаулар пайда болды. Әзірге біз бұл бағытты жауып қойдық, бірақ оған келешекте ораламыз.
Әңгіме тегін жеткізу туралы ғана ма? Ал басқаша жеткізуге болмай ма?
Қазақстан бойынша үнемі тоқтаусыз жеткіземіз, басқа аймақтардағы клиенттер жиі-жиі онлайн сатып алады. Біздің менеджерлер олар үшінвизуалды түрде таңдау жасайды, сөйтіп клиент өзіне ұнайтын нұсқаны алады.
Айтпақшы, біз үшін тағы бір маңызды жаңалық – Ashley HomeStore қоймалары Түркияда ашылуда. Осының арқасында логистика жылдамырақ және арзанырақ болады, ал жиһаз біздің клиенттер үшін қолжетімді болады да, оны жеткізу уақыты да қысқарады. Енді жеткізу сапасын жақсарту бойынша жұмысты жалғастырамыз, өйткені жүк тасушы – сатушы сияқты ол да компанияның бетке ұстары ғой.
Біздің Ashley Care сақтандыру бағдарламасын одан әрі дамытамыз. Оның мағынасы – жиһаздың бес жылға дейін ұлғайтылған кепілдік мерзімінде. Осы мерзім ішінде біз жиһаздың эксплуатация кезінде болған зақымдалуларын қалпына келтіреміз.Бұл қызмет ақылы болады, бірақ бағасы қолжетімді, клиент риза болады деп ойлаймын.
Сіз тәулігіне 24 сағат бойы тек жұмыс туралы ойлайтын сияқтысыз ғой. Сонда қашан және қалай демаласыз?
Мен неден демалуым керек? (Күледі). Мен жұмыста демаламын! Ал «тыныштық» сөзі мен үшін «өлік» сөзімен бірдей. Менің күшімкөп, денсаулығым жақсы. Мен басқа елдерге жиһаз көрмесіне барғанда сергимін. Еуропадағы цехтардың жұмысы мен ондағы жағдайлардысалыстырамын. Қолменжиһаз жасайтын біздің Кулибиндер мен шеберлерде сондай жағдай болса деп армандаймын.
Әрине, мен кітап оқығанды жақсы көремін: Лев Толстойдың «Война и мир», Михаил Шолоховтың «Тихий Донын» қайта-қайта оқуға дайынмын, кеңестік классик Лев Кассильді жақсы көремін. Музыка тыңдауды ұнатамын. Ауыр рок тыңдаймын, мысалы, Deep Purple, алайда Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын да жақсы көремін. Айтпақшы, мен домбыра сабағына барып жүрмін!
Сізге таңқалам және разы боламын!
Барлығы немерем үшін! Ол қазақша әндерді жақсы көреді, ал мен оларды айтқанды жақсы көремін. Енді домбыра тартатын боламын!
Сізді не шабыттандырады?
Адамдар. Мені адамдар шабыттандырады. Әрине, сосын отбасым. Біз бәріміз бірге жиналғанды жақсы көреміз. Наурызда мен әжемнің әдісі бойынша наурыз көже жасаймын. Айтпақшы, мен оны Ashley HomeStoreStore клиенттері мен қызметкерлері үшін де дайындаймын. Әрі мені төрт жасар немерем шабыттандырады, ол ата-анасымен Астанада тұрады. Ол робототехникаға қатты қызығады, тіпті байқауға қатысып, медаль жеңіп алды.
Автор: Игорь Топорков
Фото: Данияр Асылбек @asylbekd
Макияж: Баян Алагузова
Реквизит: Ashley Furniture HomeStore
Instagram ashleyfurniture.kz
Локация: Restautant&Club Bellagio