Илон Маск ұсынған 5 кітап
Tesla компаниясының негізін қалаушы – Илон Маск Time журналының мәліметінше жыл адамы атанды. Өзінің алғашқы 500 долларын 12 жасында авторлық видео-ойындарын сату арқылы тапқан екен. Ал 2020 жылы оның Маск SpaceX компаниясы ең алғашқы жеке басқарылатын Crew Dragon ғарыш кемесін жасап шығарды. Esquire журналына берген сұхбатында 50 жастағы миллиардер: «мен зымыран жасауды кітаптардан үйрендім», - деген болатын.
Біздің редакция сіздер үшін Илон Маск оқуға кеңес беретін кітаптар тізімін ұсынады.
«От нуля к единице. Как создать стартап, который изменит будущее» («Нөлден бірлікке дейін. Болашақты өзгертетін Стартапты қалай құруға болады»), Питер Тиль, 2014
Питер Тиль – PayPal төлем жүйесін құрған миллиардер, Facebook-тің алғашқы инвесторы. Ол кез келген сәтті стартаптың негізі бірегей өнім деп санайды. Facebook, Microsoft, eBay, Twitter сияқты ірі монополияларға айнала алатын стартаптарды қалай құру керектігімен бөліседі.
Сонымен қатар, кітапта ұйымшыл команданы қалыптастыру жолдары айтылады. «Бұл автор қоғамға серпіліс болған бірнеше компанияларды құрған, бұл кітапта оны қалай жасау керектігімен бөліседі» – дейді Маск.
«Өмір 3.0 Жасанды интеллект дәуірінде адам болу» («Жизнь 3.0 Быть человеком в эпоху искусственного интеллекта»), Макс Тегмарк, 2017
Макс Тегмарк өзінің кітабында жасанды интеллекттің болашағы туралы өзекті мәселелерді талқылайды. Мысалы: бұл болашаққа қалай әсер етеді? жасанды интеллект пайда болғаннан кейін адамның сезімдерімен не болады? Автор жердегі өмірдің дамуының үш кезеңі туралы баяндайды. 1.0 – биологиялық өмір, 2.0 – мәдени өмір, білім мен тәжірибе алу, 3.0 – әлі пайда болмаған, эволюцияны күтпестен құрылымын түбегейлі өзгерту мүмкіндігі.
Илон Маск бұл кітап туралы былай дейді: «ақыл мен сананың ертеңгі ұлы болашаққа деген ұмтылысында таңдау жасауға арналған сенімді нұсқаулық".
«Жасанды интеллект. Кезеңдері. Қауіптер. Стратегия» («Искусственный интеллект. Этапы. Угрозы. Стратегии»), Ник Бостром, 2014
Кәсіпкер «жасанды интеллект ядролық қарудан да қауіпті», - деп санайды. Сондықтан ол тез дамып келе жатқан технологиялық индустрияны қалай басқаруға болатындығы және оның салдары қандай екендігі туралы кітапты оқуға кеңес береді.
«Көлік тоқтайды» («Машина останавливается»), Эдвард Морган Фостер, 1909
Дистопия, мұнда адамдар жер астында бір-бірімен байланыссыз өмір сүреді. Өйткені жер беті өмір сүруге жарамсыз. Олардың барлық қажеттіліктерін бөлмелерде орнатылған түймелер арқылы басқарылатын «машина» қамтамасыз етеді. Фостер өзінің әңгімесінде алыс әуе рейстерінің, интернеттің және бейнеконференциялардың пайда болуын болжады. Уақыт өте келе адамдар «машинаны» пайдалану туралы нұсқауларға табына бастайды және кез-келген қарама-қайшылық қудаланатын болады.
«Атлант арқасын кеңге жайды» («Атлант расправил плечи»), Айн Рэнд, 1957
Бұл кітап дарынды өнертапқыш Атланттарға негізделген әлемді сипаттайтын әлеуметтік дистопия туралы. Олар социалистік үкіметпен болған күресте жеңілген кезде, әлемде хаос басталады.
Кітапты оқуға кеңес бере отырып: «бақылаушыпункт коммунизмге қаншалықты пайдалы болғанына қарамастан, мейірімне негізделуі керек»,– дейді Макс.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фото: ашық дерек көзінен