Көбірек, ұзағырақ, әрі жақсырақ жұмыс жасау

Ата-баба үніне құлақ түру... Бұл – жеті атасын ардақтап, жатқа білетін қазақ халқына ғана тән ұлы қасиет. Естеліктер – тек ата-бабаға тағзым етуге ғана емес, ұмыт қалған ағайын-туыстың жеткен жетістігімен мақтануға да негіз болады.

imgonline-com-ua-compressbysize-glqtkgri1hpwjpg   

Ата-бабамыз бен ата-анамыздан бізге тек тұқымдық ерекшелік, бет-әлпет, интеллектуалдық қабілет, салт-дәстүр, материалдық байлық қана емес, көбінесе отбасылық кәсіп те мұраға қалатыны бәрімізге белгілі.

Молдахановтар әулетінің сабақтастығы алдыңғы ұрпақ мұра етіп қалдырған адамгершілік ұстанымдар мен отбасылық құндылықтарды жалғастырудан көрініс табады. 

Сабыржан Серікұлының сонау 90-жылдары құрған кәсібін кенже ұлы Дастан бүгінде қолына алған. Отбасылық кәсіпті жалғастыру – үлкен мәртебе және асқан жауапкершілік. Аслан мен Дастан  ұлдары Сұлтанәлі Асланұлы мен Демир Бату Дастанұлын тәрбиелей отырып, ұрпақтарын жалғастыруда.

imgonline-com-ua-compressbysize-5ymuwtjxzhb6djpg  

Сабыржан Серікұлы 40 жыл ішінде «Sabyrzhan Company» және «Тoimart» брендімен супермаркеттер желілерін құрып, Алматы қаласы мен облысындағы  40 нүктесінде үш мыңнан астам қызметкерлерді жұмыспен қамтып отыр.

Дастан әкесі мұра еткен ережелерді бизнесте ғана емес, бала тәрбиесінде де берік ұстануда: «Менің балаларым қалай әдемі және бай өмір сүруге болатынына куә болады. Содан кейін мен оларға осының бәріне қалай жетуге болатынын көрсетемін. Мен алдымен балаларыма балықтың дәмін таттырамын – олар оның дәмді екенін түсінеді, содан кейін ғана балық аулауды үйретемін. Менің ата-анам осылай істеді. Сіз білесіз бе, бұл қағидат шынымен де жұмыс істейді екен. Менің де жақсы, әдемі және жайлы өмір сүруге ынта-жігерім пайда болды. Ол үшін не істеу керек? Тек қана жұмыс жасау керек және оны басқаларға қарағанда көбірек, ұзағырақ, әрі жақсырақ істеу керек».

dastan-12jpg (1) 

 

 Автор: Газиза Габи

Фотограф: Даулет Кажкенов, @dan_smat

 

Көбірек оқыңыз