Махаббат пен бірлік
Балалардың дүниеге келуі – жанұядағы үлкен бақыт. Қазақстанда көп балалы отбасылар аз емес. Хабиб пен Анель Давлетходжаевтар бес бала өсіріп қана отырған жоқ, сондай-ақ ортақ отбасылық кәсіпті де қатар жүргізіп отыр.
Сіздің жанұяның мықты жағы неде?
Анель: Махаббат, бірлік және сенімділік.
Хабиб: Біз бір-бірімізге барынша қолдау көрсетуге тырысамыз.
Бақытты жанұя болудың жолы дара ма, әлде жалпыға ортақ бір жол бар ма?
А.: Махаббат.
Х.: Негізінен, адалдық, көңіл бөлу, махаббат, белгілі бір мақсат қойып, соған жету. Осы қасиеттерді дамыта отырып, ажырамай бірге өмір сүруге болады.
Сіздер қалайша кәсіп пен үлкен отбасыны бірге алып жүрсіздер?
Х.: Сәтті кәсіп пен үлкен отбасының мәні өз жақындарыңызға барлық жақсы жағдайды жасауға деген ұмтылыстың болуында, осы жолда бағыт іздеу барысында даму және үйлесімде ұстаудың жаңа шешімдерін табасыз.
А.: Сонымен қатар біздің көптеген жақсы көмекшілеріміз бар, олармен байланысты дұрыс орната отырып, әр салада өзіндік тепе-теңдікті сақтауға тырысамыз.
Сіздерде кәсіпте және отбасында кім не үшін жауапты?
Х.: Қазақта айтады ғой: ер адам – асыраушы, ал әйел барлығын дұрыс сақтап отырушы. Анель есеп-кисап, бақылау, тағайындаумен айналысады, сондай-ақ кәсіпті дамытуға ынталандырады. Басқару және жоспарлаумен мен айналысамын.
Отбасында Анельге үлкен жүк түседі, алайда мен әрқашан қасындамын. Анель ештеңеден қашпайды, күш керек кезде ол менен қолдау күтеді.
Дәстүрлі сұрағымыз: сіздерге біздің елдің қай жағы қатты ұнайды?
А.: Қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлері және отбасылық құндылықтар – осылардың бәрі біздерді біріктіреді.
Х.: Ұлттық асхана.
Біздің журналдың аты Museofnomad («Көшпенділер музасы, шабыты»). Қалай ойлайсыздар, көшпенділерді не шабыттандырады?
А.: Көшпенділерді туған жерімен тұрақты байланыстың болуы шабыттандырады.
Автор: Газиза Габи
Фотограф: Даулет Кажкенов, @dan_smat