«Nomad Life» қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасына 2 миллион теңге қаражат бөлмек

«Nomadlife» өмірді сақтандыру компаниясы Қазақстанға террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскери қызметшілердің отбасыларына 2 миллион теңгеден бөлу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы компания өзінің  nomadlife.kz ресми сайтында жариялады. 

 

 

«Қаза тапқан әскери қызметшілер мен полицейлердің туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Nomad Life компаниясы адам өмірінің баға жетпес байлық екенін ұғына отырып, туыстарының қайғысын ортақтастырады және оларға қиын жағдайда қол ұшын созғысы келеді», - деді  «NOMAD Life ӨСК» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Чегебаев.

«Құқықтық тәртіпті қорғай отырып, Қазақстанның бейбіт азаматтарының атандығы үшін бірқатар полицейлер мен әскери қызметшілер өз өмірлерін қиды. Олар ерлікпен қаза тапты, батырларымыздың есімдері мәңгілік біздің жүрегімізде қалады», - деді компания өкілдері.

 

Дерек көзі: nomadlife.kz

Аударған: Мөлдір Адамжан 

Фото: баспасөз  мұрағатынан

Көбірек оқыңыз