Өткен мен бүгіннің және болашақтың арасындағы көпір

Ұрпақтар сабақтастығы ұлттық дәстүрлерді сақтауда, отбасылық істі мұра етуде және әулеттің кәсібін жалғастыруда көрініс табады. 

nukenovy-1jpg 

Нүкеновтер отбасы үш ұрпақты біріктіреді: Маратқали Ордабайұлы мен жұбайы Раушан Асанқызы, олардың балалары Ержан мен Ерлан және төрт немерелері. Отбасы шежірені өте құрметтейді, дәстүрлер ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді.

Маратқали Нүкенов құқық қорғау органдарында қызмет еткен, ол курсанттан генералға дейінгі мансаптық жолдың барлық сатыларынан өткен; Мемлекеттік кірістер министрлігі Кеден комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Жұбайы медициналық жоғары оқу орнын үздік бітіріп, мамандығы бойынша 10 жыл жұмыс істеген, алайда өзінің жазушылық қырын ашып, ақындық таланты оянып, орыс, ағылшын және француз тілдерінде 20-дан астам кітап шығарған. Қазір ол ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының және ПЕН-клубтың мүшесі. 

nukenovo-gljpg 

Нүкеновтердің тегін жалғастырушылары: Ержан – АҚШ-та, Ерлан – Ұлыбританияда жақсы білім алған, бүгінде олар табысты кәсіпкерлер. Бір-біріне құрметпен қарау атадан балаларына, одан немерелеріне берілген.  Ержан пен Ерланның отбасында балалары жеті атасын жаттап өсіп келеді. 

Балалардың дүниеге келуі, құдалардың кездесуі – үлкен тату-тәтті отбасының дастархан басында жиналып, қазақ әндерін шырқауына жақсы себеп. Нүкеновтердің үш ұрпағы бір шаңырақ астында өмір сүреді. Кіші ұлдары Ерланның отбасы қазақ дәстүріне сәйкес қара шаңыраққа ие болып, ата-анасымен бірге тұрады. 

Аға буыннан үлгі алған жас отбасылар өз дәстүрлерін қалыптастыруда. Балалардың есімдері отбасылық оқиғалар мен беделді тұлғалардың құрметіне қойылған. Үлкен қызы Микаэла Мерейдің қос есімінің бірі әкесінің мерейтойы қарсаңында тұңғышының туылуына орай (Мерей – мереке) қойылған. Екінші қызын Шыңғысханның келінінің құрметіне – Суркоктани Сара деп атаған. Ұлына атасы Маратқалидің сол жылы Меккеге қажылыққа баруына орай Мұхаммед пайғамбардың есімін қойған.

 

Автор: Надежда Сергеева

Суреттер: Айдын Ахмет, @aidyn_ahmet

Көбірек оқыңыз