Parure Atelier: зергерлік өнерге шексіз махаббат

Parure Atelier – бұл жай ғана халықаралық бренд емес. Бұл асыл тастармен шындығында бірегей зергерлік бұйымдарды жасайтын зергерлік дизайн студиясы. Табиғаттың өзі жасаған ғажайып сұлулық сізді таң қалдыратыны сонша бір көргеннен олардың жаннынан жәй өтіп кете алмасыңыз анық. Кең даланың аспанындай көк, сапфир немесе жасыл изумруд ешкімді бей-жай қалдырмайды.

Көктікен гүлінің көк сапфирлері,«көгершін қаны» лағылдары мен изумруд бақтары - бұл жай ғана поэтикалық атаулар емес, асыл тастар әлемінен алынған кәсіби терминдер. Бұл шексіз таң қалдыратын – ерекше ғажайып. Құндылықтар өзгеріп, технология қарқынды дамып келе жатқанда, аңызға айналған тастар жүздеген жылдар бұрынғыдай,  шынайы бағалайтындарға қуаныш сыйлауды жалғастыруда.

Parure Atelier

әлемнің түкпір-түкпірінен ең талғампаз кристалдарды сатып алып, оған лайықты пішіндерді таңдайды.  Студия шеберлері тек дайын зергерлік бұйымдарды ғана емес, сонымен қатар тапсырыс бойынша бұйымдар,  кейде тіпті отбасылық мұраға айналатын тұтас парюрлерді де жасайды. Айтпақшы, брендтің атауы француздың  parure «көркем стильмен біріктірілген зергерлік бұйымдар жиынтығы» сөзінен шыққан.

 

Бренд тек табиғи минералдарды ұсынады. Өңсіз жасанды кристалдарға қарағанда жер астындағы тастар ерекше. Адамдардың саусақ іздері қайталанбайтыны сияқты оларды да ішіндегі бірегей қосындылармен бір-бірінен ерекшелеуге болады. Кейде олардың қайталанбас түстеріне қарап, табиғаттың өзі жаратқанына сену қиын.

Мысалы, 1987 жылы ғана ашылған Параиба турмалиндері неон-жарқын реңктермен таң қалдырады. Колумбияда ежелгі өркениеттер дәуірінен бері өндірілген аңызға айналған изумрудтардың таңғажайып түсі тас жарқырап тұрған сияқты реңк береді. Оларға қарап, өткен ғасырдағы– Таяу Шығыстан Еуропаға дейінгі ел билеушілері мен данышпандарының неліктен сүйсінгенін түсінесің. Parure Atelier зергерлік бұйымдар топтамасында тастардың оннан астам түрі  бар: шпинельдер, опалдар, аквамариндер, қызғылт, сары және көк гауһар тастар және т.б.

Алматы мен Астанада Parure ательесінің пайда болуымен асыл тастар қолжетімді бола бастады, себебі бренд танымалдығы үшін қосып төлеусіз  сәнді зергерлік бұйымдарды ұсынады. Бутиктер Астанадағы люкс St. Regis қонақүйінде және Алматыдағы Villa Boutiques & Restaurants қонақүйінде ашылды. Содан бері бренд өз тұтынушыларын ерекше кештерімен және танымдық  дәрістерімен та қалдырып келеді.

Лайықты нәрсені табу оңай емес, ал одан да қиыны баға мен сапа арасындағы оңтайлы теңгерімге қол жеткізу. Осы мақсатта компанияда тұрақты гемологтар жұмыс істейді. Сарапшылар жүздеген нұсқаларды қарастырып, олардың ішінде ең сәтті үлгілерді ғана көрсетеді. Брендтің тамырын тереңге жайған діңгегі  Бангкоктағы кеңсесі – бағалы тастар саудасының ықпалды орталығы. Бағалы олжаларды табу үшін менеджерлер дүние жүзіндегі 60 жеткізушімен тығыз қарым-қатынас жасайды

Зергерлік бұйымдар нарығын түсінетін кез келген адам тастардың түпнұсқалық сертификаттарын барлық компаниялар ұсынбайтынын жақсы біледі. Сондықтан Parure ательесі тез арада жоғары беделге ие болды: бренд GIA, GRS, Gubelin сияқты беделді зертханаларда сыналған тастарды сатып алады. Сұраныстарына сай клиенттер тастардың сертификаттарын алады, онда барлық сипаттамалар: тазалығы, салмағы, түсі, сапасы көрсетіледі. Нәтижесінде  үлкен және жақсы гауһар тасты тиімді бағамен ұстап қалуға  болады.

Бұл артықшылықтарды тек Қазақстандағы ғана емес, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі зергерлік бұйымдардың білгірлері де бағалады.  Parure Atelier Дубайда алғаш рет 2023 жылдың жазында өз есігін ашты. Урбанистік Sity Walk аймағында орналасқан  бутик бірден «үлкен төрттіктің» жанкүйерлерінің назарын аударды: гауһар тастар, лағылдар, сапфирлер және изумрудтар, сондай-ақ сенсациялық Параиба турмалиндері, сәнді морганиттер және тағы басқа да тастар. Сұлулық тілі әмбебап: зергерлік бұйымдар мен тастардың сапасы әйгілі компаниялар ұсынатындардан ешбір кем түспейді.

Бүкіл әлем бойынша халықаралық жеткізу тиімділігінің  бастапқы нүктесі ретінде Дубай саналады. Үлкен және жарқын тастары бар зергерлік бұйымдар қазір бұрынғыдан да көп сұранысқа ие - жылтыр басылымдар мұны көптеген жылдар бойы қатарынан атап өтуде. Сондықтан басқа елдерде Parure Atelier қызығушылықтың артуы таңқаларлық емес.

Зергерлік дизайн студиясы SOLAR зергерлік бұйымдарының тұтас топтамасын жасады, ол шөл мен Шығыстың барлық алуан түрлілігімен, дәмімен, хош иісімен, зергерлік бұйымдары мен архитектуралық кодтарымен шабыттандырады. Оған қазақтың бес блезігіне ұқсас сақиналары бар білезіктер, сондай-ақ ою-өрнекті манжеттер, анклеттер, жылан сырғалар, дене шынжырлары кірді. Бұл оқиға Parure Atelier сұранысының көкжиегін кеңейткен шығыс мәдениеті мен елдеріне зергерлік бұйымдарға деген шексіз махаббаты үшін жасалған құрметі болды. 

Көбірек оқыңыз