Қазақстандық стартап $3 млн. инвестиция тартты
Astana Hub-та тіркелген отандық JET сервисі қазақстандық және ресейлік инвесторлардан $3 млн. көлемінде инвестиция тартты. Келесі раундқа өткен олар, жаңа салымшыларды іздейтіндерін хабарлады. Жоба инвесторы – астаналық кәсіпкер, тұрғын үй және коммерциялық объектілер құрылысы саласындағы салымшы Эрик Искаков, сондай-ақ халықаралық IT-компанияларға назар аударатын 10-нан астам жеке инвесторлар мен бизнесмендер.
Қазіргі таңда JET Қазақстан, Сербия, Армения, Белоруссия, Украина, Грузия сияқты 6 елмен жұмыс істейді. Стартап инвестициядан түскен қаражатты Шығыс Еуропа мен Орталық Азияның 5-8 елінде жұмысын кеңейтуге жұмсауды жоспарлап отыр. Сервис миллион тұрғыны бар Алматы, Нұрсұлтан, Минск, Одесса және Ереван қалаларында нарық көшбасшысы болып табылады.
JET сервисінің негізін қалаушылар - Қазақстан мен Ресейлік кәсіпкерлер Мейрамбек Абелкасов пен Серік Успанов. JET инвестицияларының жалпы сомасы $5 млн. құрайды. Бастапқыда сервистің негізін қалаушылар $1,5 млн. қаражат жұмсаған. Компания алғашқы айдан бастап табыс әкеле бастады.
Компанияның әлемнің 14 қаласында 10 000-нан астам самокаты бар.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фото: ашық дерек көзінен