Қазақстандық Verigram жобасы әлемдегі ең үздіктердің бірі деп танылды

Қазақстандық Verigram жобасы бүкіл әлем жобалары арасында топ-20-ға кірді (WILD секциясындағы топ-10). Бұл АҚШ Сауда министрлігі жанындағы Ұлттық стандарттар және технологиялар институты (National Institute of Standards and Technologies, NIST) өткізген бет-әлпетті тану технологияларын тестілеу нәтижелері болды.

fda40e6986d01c8fcab48cdf364cf4d7-smalljpg 

Бұл рейтингтің тарихында Орталық Азиялық өнім алғаш рет орын алды. Отандық технология Dahua (Қытай), Intel Research (АҚШ), Idemia (Франция) сияқты атақты өндірушілерді аттам өте алды.

Verigram компаниясы 2017 жылы құрылған болатын. Алматылық кәсіпкерлер Чингиз Кеншимов, Адлет Мукашов, Аскар Едилбаев, Игорь Литтиг және Уахат Бастимиев бет-әлпетті тану, сондай-ақ құжаттарды сканерлеу технологияларын әзірлей бастады.

Бүгінгі таңда компания отандық бизнеске бірден үш түрлі өнімді ұсынады. Бет-әлпетті тану - флагмандық өнім. Бұл қазақстандықтар клиенттердің жеке басын верификациялауды қашықтан өткізу үшін әзірлеген жүйе. Шешімде бет-әлпетті анықтау, түсіру және тану функцияларының үйлесімділігі пайдаланылады. Клиенттің бет-әлпеті қолда бар көздердегі эталондық фотосуретпен салыстырылады. Нәтижесі адамның жеке басын растау болып табылады. Адлет Мукашов бұл механизмді жасанды нейрондық желілердің заманауи архитектурасы мен оларды оқытудың өзекті әдістері бар терең оқыту технологияларына (Deep Learning) негізделе отырып жасауға қол жеткізілгендігін түсіндіреді.

0dcd0b67ea750529d731a26f35e55de1-smalljpg 

Бұл ретте қазақстандық әзірлеушілер бет-әлпетті верификациялауды ғана емес, оларды шындыққа тексеруді де шешті. Жандылықты анықтау алгоритмдері шын адамдарды фотосуреттер, бейнелер немесе маскалар түріндегі жалған адамдардан ажыратуға көмектеседі. «Клиент жандылықты анықтау процедурасынан өтеді, онда камерадан алынған мәліметтер оның шынайылығын анықтайды. Жандылықты анықтау технологиясы алаяқтық деңгейін төмендетуге көмектеседі», - деп түсіндіреді Мукашов. Осы өнімдерден басқа, әзірлеушілер қазақстандық бизнеске құжаттар мен мәтінді автоматты сканерлеу жүйесін ұсынады.

 

Авторы: Мөлдір  Адамжан

Фотосуреттер: баспасөз қызметі мұрағатынан

 

 

Көбірек оқыңыз