Қазақстанның 2021 жылғы Топ-5 ең бай адамдары
Бизнес әлемі сіз ойлағандай оңай емес, оның өз ережелері мен заңдары бар. Табысқа жетіп, танылу үшін тек жұмыс істеп қана қоймай, ақшамен тіл тіл табыса білуіңіз керек. Өйткені, ақша тек өзін басқара білетіндерге ғана келеді. Біз сіздер үшін Қазақстанның топ-5 ең бай адамдарының тізімін құрастырдық. Егер сіз олардың қатарында болғыңыз келсе, алдымен атақты кәсіпкерлер мен үздік бизнесмендердің тәжірибесіне сүйене отырып, тиісті қорытындылар жасауға кеңес береміз. Мүмкін бизнесте қомақты сатылымнан гөрі, пайдалы өнімді сатып алу маңыздырақ шығар.
5-ші орынды Михаил Ломтадзе иеленді. Ол 2007 жылдан бері Қазақстанда тұрады, Kaspi.kz АҚ-ның Басқарма төрағасы, акцияларының 23% - ын иеленеді.
Қазан айында Лондон қор биржасында $1 млрд көлемінде депозитарлық қолхаттарды орналастырады. 2020 жылдың тоғыз айында Kaspi.kz АҚ-ның таза табысын 42,8% - ға арттырып, 184,4 млрд теңгеге дейін өсіреді.
Өткен жылдың қарашасында Forbes бұл " Kaspi.kz-тің шағын стартаптан қаржылық технологиялар алыбына айналуы" туралы жазды . Михаил Ломтадзенің байлығы 3,2 миллиард долларға бағаланады.
4-орынды Вячеслав Ким иеленді. Ол Kaspi.kz АҚ-ның директорлар кеңесінің төрағасы және 25% акцияларының иесі (IPO-ға дейін 36,69% болды). Ол мобильді қосымшаға біріктірілген үш платформаны басқарады, бұл тізімге Payments, Marketplace және Fintech, сондай-ақ KaspiBank кіреді.
Magnum сауда желісінің Бақылау кеңесінің төрағасы, "Алсеко" АҚ-ның Бақылау кеңесінің мүшесі, Qazaq Geography республикалық қоғамдық бірлестігінің қамқоршылық кеңесінің мүшесі. Қазақстан таеквондо федерациясының президенті, Fizmat Endowment Fund қоғамдық қорының мүшесі, РФММ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, Almaty Triathlon Federation қамқоршылық кеңесінің және "Милосердие"қайырымдылық қорының мүшесі. Оның байлығы 3,3 миллиард долларға бағаланады.
3-орынды Болат Өтемұратов иеленді. Ол "ForteBank" АҚ-ның 87,27% акциясына иелік етеді, ол Ұлттық Банктің деректері бойынша 2020 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 26 қазақстандық банк арасында активтер көлемі бойынша үшінші орынға ие. Банктің меншікті капиталы 238 млрд теңгені құрайды.
Өтемұратов Glencore Plc трансұлттық компаниясының 1,16% акциясына ие. "Верный Капитал" тобы арқылы бизнесменге 25% "КаР-Тел" ЖШС және 49,9% "SkyMobile" ЖШҚ (Қазақстан мен Қырғызстандағы "Билайн" байланыс операторлары), 65% алтын өндіретін RG Gold, Нұр-сұлтан, Вена және Мәскеудегі Ritz-Carlton қонақ үйлері, Ақмола облысындағы Rixos Вorovoe Қонақ үйлері (100%), Қазақстандағы Burger King фастфуд франшизасы, Global Development девелоперлік желісі, Қарағандыдағы "Сары-Арқа" әуежайының, Informburo.kz ақпараттық-аналитикалық интернет-порталы, "31 арна" ТРК-дағы үлесі (80%), Video International Kazakhstan медиарекламалық нарық операторы (50 %) тиесілі . Сондай-ақ Қазақстандық "Media Management Systems"және "Direct Technology Company"ЖШС-ның 100%-ы тиесілі.
Бизнесмен жеке қайырымдылық қорының құрылтайшысы болып табылады, Қазақстан теннис федерациясын басқарады және ITF халықаралық теннис федерациясының Директорлар кеңесінің мүшесі. Оның байлығы 3,4 миллиард долларға бағаланады.
2-орынға Владимир Ким жайғасты. Ол-KAZ Minerals PLC тобының мажоритарийі және атқарушы емес директоры. Оған Павлодар облысындағы Бозшакөл мыс жобалары, Шығыс Қазақстан облысындағы Ақтоғай және Шығыс өңірі, Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын және Чукоткадағы Баим кен орындарына ие. Акциялардың 31,6% тиесілі. Қазақстандағы кәсіпорындарда шамамен 16 мың қызметкер жұмыс істейді.
Кимнің екінші ірі активі – "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС-де 70% акциясы. Компания құрылымында – Қарағанды облысындағы өндірістік бірлестіктер, алты байыту фабрикасы, екі ЖЭО, бір ГРЭС, екі мыс балқыту зауыты және бір мыс созба сым зауыты бар.
Бизнесменге "Bank RBK" АҚ мажоритарлық үлесі, "Таң" телерадиокомпаниясындағы, "Astorent" ЖШС(ТВ-бағдарламалар мен киноөнімдерді тарату), "Central Asian Assistanse" ЖШС (медициналық сервис) үлестері тиесілі. Kazakhmys Holding ЖШС президенті. Оның байлығы 4,6 миллиард долларға бағаланады.
1-орында Динара мен Тимур Құлыбаевтар. Олардың байлығын Forbes 5,6 миллиард долларға бағалайды (әрқайсысына 2,8 миллиард).
Құлыбаевтар жұбын "Алмэкс" компаниясы арқылы еліміздің ең ірі банкі — "Қазақстан Халық Банкі"бақылайды. Бұрынғы экс-президенттің күйеу баласы ұялы байланыс операторы мен алтын өндіретін компанияға иелік еткен.
54 жастағы Тимур Құлыбаев — KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдары қауымдастығының басшысы, ресейлік "Газпром" компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі, Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы және Қазақстан бокс федерациясының басшысы.
53 жастағы Динара Құлыбаева- танымал емес тұлға. Ол Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның үш қызының ортаңғысы. Швейцариядағы бірнеше сәнді жылжымайтын мүліктің иесі ретінде белгілі. 2019 жылы XVII ғасырда салынған Белрив қамалын сатып алған, ол ұлттық маңызы бар тарихи объекттердің бірі болып саналады.
Авторы: Мөлдір Адамжан
Фото: ашық дерек көздерінен