«Сәби» қайырымдылық қоры «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге бөлмек
«Сәби» қайырымдылық қорының негізінін қалаушылар Кеңес Рақышев пен Әсел Тасмағамбетова «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аудармақ. Бұл туралы қордың Іnstagram-дағы ресми парақшасында хабарланды.
Елімізде орын алған қайғылы оқиғалар, ТЖ режимінің жариялануы мен жаппай тәртіпсіздіктер нәтижесінде бейбіт тұрғындар зардап шекті. Сондай-ақ бизнес өкілдеріне үлкен залал келтірілуіне байланысты Қазақстан халқына ел үшін осы қиын уақытта көмек көрсету қажеттігі туралы шешім қабылданды.
«Біз ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың осы қиын-қыстау күндерде Қазақстан халқын қолдау туралы бастамасын қолдаймыз. Бұл жағдайда КЕҰ мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі - Қазақстан халқының әл-ауқаты, өз елінің болашағы үшін тікелей жауапкершілік», - деді Кеңес Рақышев.
«Сәби» қоры 2002 жылы құрылған. Оның қызметінің негізгі бағыттары - балалардың денсаулығы және олардың физикалық дамуы, сонымен қатар руханият және білімге қол жетімділік.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фото: sabyfoundation