Сұлулық сыйлаушы
Сәндеу, шаш бұйралау, маникюр – әйелдердің кезекте тұрып емес, тез арада және үйден шықпай-ақ алатын қызметтер болуы керек. Сұлулық шеберлері мен олардың тамаша қызметтерін«үйге жеткізетін»Іwow қосымшасын ойлап тапқандар Салтанат Дәулетова (СЕО, co-founder), Гүлфия Құрманова (co-founder, стратегиямен және инвесторлармен жұмыс жасаумен айналысады) және Рината Жулаева (co-founder, маркетинг жөніндегі директор) дәл осылай шешті.
iWow – бұл UBER-сұлулық. ТМД нарығындағы өнім жаңа, жаңа қызмет түрі. Ең алғашқы болу қорқынышты ма? Мұндай идея кімнің ойына бірінші келді?
Салтанат: Алғаш рет мұндай ой 2019 жылы жарқ етті, бірақ нақты шешім қабылдау үшін тағы екі жыл қажет болды. Біз бизнеске үлкен консалтингтен келдік, халықаралық компанияларда жұмыс істедік, мәмілелерді сүйемелдедік, инвесторлармен жұмыс істедік, қазақстандық компанияларға халықаралық капитал нарықтарынан ақша тартуға көмектестік, стратегтердің қызығушылығын арттырдық. Дегенмен де бір сәтте біз өзімізге керегі басқаекенін түсіндік, өз ісімізді ашқымыз келетінін ұқтық. Алайда ол іс IT саласымен байланысты болуы керек екені анық болды. Айта кету керек: бастапқыда ІТ саласына да, сұлулық саласына да біздің ешқандай қатысымыз болған жоқ.
Рината: Алдымен біз тауар агрегаттарының моделін қарастырдық, бірақ тақырыпты тереңірек зерттей келе, бұл идеядан бастарттық. Ал iWow форматын жасау туралы ой өз қажеттіліктерімізден туындады: біз жұмыс бабымен Қазақстан ішінде де, шетелге де жиі ұшатынбыз. Мысалы,аяқ астынан басқа қалаға келіссөз жүргізуге бару керек, ол үшін дәл сол сәтте шұғыл түрде өзіңізді ретке келтіруіңіз керек. Оны жасау, әрине, өте қиын. Өйткені салонға бару туралы айтпағаннның өзінде,тіпті оларға қоңырау шалуға да уақыт жоқ. Оның үстіне барлық салондар таңертеңгі оннан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді – әйелдерге нағыз керек кездеолар жұмыста болмайды, ал сәндеу немесе маникюр жасау қызметі не ерте емес, не кеш емес, дәл сол уақытта қажетболуы мүмкін. Сондықтан да біз iWow қосымшасында сұлулық саласы бойынша дайын шешімдердің нарықтық орнын (маркетплейс) ұйымдастырдық, яғниқажетті күтімді таңдауғауақыт болмаған кезде әртүрлі брендтерден біріктірілген күтім косметикасын пайдалану, мұндай сәттеқораптағы дайын өнімдер уақытты өте үнемдейді.
Гүлфия: Бұл пандемияныңтарап тұрған уақыты болатын, бірақ сәлсаябыр тауып,бизнес ақырындап жандана бастаған кезең еді. Біз нарықты толық зерттеп, ТМД елдерінде біздің жобамыздың баламасы жоқ екенін түсіндік. Дәлірек айтқанда, Ресейде осыған ұқсас нәрсе болды, бірақ олар нарыққа тым ерте кірді: ол кезде қазіргідей ыстық тамақ, азық-түлік жеткізу де әлідамымаған болатын.
Салтанат: Бізге серпін берген тағы бір ой – дәстүрлі ІТ бизнесінде көбіне ер адамдар қызмет ететін еді. EdTech, FinTech, MedTech, ІТ-маркетплейс бизнесінде тек қана ер адамдар. Дәл осы себепті бізге байсалды инвестор келуі екіталай деген үрей де болды…
Рината: Қыздар ойнап-ойнап, тастап кетеді деп ойлайтын шығар дедік! (Күледі).
Салтанат: Алайдамұның маңызды екенін қазір бәрі түсінеді. Біріншіден, сұлулық қызметтері нарығы қазір тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде өсуде. Әсіресе араб елдерінде қарқынды түрде өсуде. Екіншіден, бізде маникюр шеберлерін табуға болатын қосымшадан гөрі де маңыздырақ жаһандық міндеттер бар. Біз сұлулық өнімдері мен қызметтері жеткізушіге де, клиентке де ыңғайлы болатын толыққанды экожүйе құрғымыз келеді.
Ия, тамаша идея, бірақ идеялар жақсы басталғанымен, көбісі іске аспай, басталысымен-ақ тоқтап қалады ғой,сіз мұнымен келісесіз деп ойлаймын. Ал осы жобаны бастаудасіздердің алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?
Салтанат: Ең басты және қиын қадам – әзірлеуші мамандар тобын табу болды. Біз Белоруссия, Украина, тіпті Үндістан командаларымен сөйлестік. Ақыры Қазақстаннан «өзіміздің» әзірлеушілер табылды.
iWow-ды іске қосу үшін өз қаражатыңызды жұмсадыңыз ба, әлде сырттан инвестортарттыңыздарма?
Гүлфия: Мәселе мынада, тәжірибе көрсеткендей, жобаның ең ерте кезеңінде инвесторды тартқан кезде сіз оған жобаның айтарлықтай үлесін беруге мәжбүр боласыз, өйткені сіз бизнесті шағын бағалау бойынша ғана инвестор тартасыз. Оның үстіне Қазақстанда бизнес пен венчурлық қаржыландыру нарығы әлі аса дамымаса да, олбар, ол жұмыс істейді, әрине, соның өзі қуантады. Қолда бар стартаптардың барлығы смарт-инвестордың болуын талап етеді, әрі ол инвестор басқару ісіне араласпауы тиіс және ақшадан басқа тағы да қосымша пайда әкелуі керек, мысалы, желі, сараптама, стратегиялық көзқарасы болуы керек. Ал стартаптың алғашқы кезеңіндеондай инвесторды табу оңай емес.
Рината: Шын мәнінде, нағыз идеалды инвестор – жобаның өсуіне сіз сияқты мүдделі адам, бірақ компанияның ішкі процестерін шамадан тыс бақылаудың орнына ол кейде тіпті кеңесші мен тәлімгерге айналады: қажетті байланыстарды қалыптастыруға, сыртқы нарықтарға шығуға көмектеседі.
Гүлфия: Сондықтан біз бизнесті өз қаражатымызға бастап, бизнес-модельге тәжірибе жүргізіп, содан кейін ғана инвесторларды тарту туралы шешім қабылдадық.
Кез келген бизнестің басты сұрақтарының бірі: клиенттерді қалай тартуға болады? iWow жағдайында бұл да қызықты: шеберлерді қалай тартуға болады?
Рината: Қиындық мынада – iWow сияқты жоба тұтынушылардың да, серіктестердің де мінез-құлқын өзгертуді талап етеді. Яғни, біздің міндетіміз – бұрын ешқашан жасамаған нәрселерді жасауды, бұрын айналыспаған іспен айналысуды адамдарға үйрету. Мұндайда бәсекелестің болмауы, әрине, қуантарлық жағдай емес, керісінше, күрделірек: өйткені тұтынушылық мінез-құлықты өзгертуге бағытталған маркетингті қаржыландыру өте қымбат. Оның үстіне бәсекелес екі таңдау болған жағдайда клиентке, әрине, жаңа жеңіл модельге үйрену оңай. Сіз дұрыс айтасыз, қазір клиенттерді тарту 10 жыл бұрынғыға қарағанда оңайырақ: мысалы, олардың көпшілігі үйге жеткізу қызметтерін пайдаланады, сондықтан бұрынешқашан көрмеген адамды үйге кіргізу еш қиындық тудырмайды.
Шеберлерді екі топқа бөлуге болады. Біреулері дәстүрлі бизнес-модель аясында, яғнисалондардажұмыс істеуге дағдыланған консерваторлар. Ал екіншілері жаңа нәрсеге ынталы шеберлер. Біз алдымен біріншілерін өз жағымызға тартуға тырыстық, бірақ та белсенділермен біріншіжұмыс істеу керек екенін содан кейін түсіндік, басқалары солардан үлгі алатын болады.
Салтанат: Жалпы, платформалық шешімдердің басты қиындығы – екі тарапты да басқару қажеттілігі: клиентті те, қызмет көрсетушіні де. Адамдар өзгерістерді қиынқабылдайды, бірақ өзгеруге ыңғайлы болу үшін,біз оларға қолайлы жағдайларды ұсынамыз. Мысалы, көбінесе жұмадан бастап, жексенбіге дейін сұлулық салондарында үнемі қарбалас болады, бірақ дүйсенбіден бейсенбіге дейін күндізгі уақытта клиенттердің белсенділігі төмендейді. Сондықтанда iWow-мен ынтымақтастықты бізең алдыменаталған босуақыттарды жабудан бастауды ұсынамыз.
Сіз шеберлер мен клиенттер арасындағы қарама-қайшылықты қалай шешесіз?
Салтанат: Бізде операторлармен байланыс орталығы, яғни клиенттерге қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді, олар шебердің де, клиенттің де сұрақтарына жауап береді, сөйтіп біз барлық жағдайдан хабардар болып отырамыз. Қайшылықтың екі жағы да міндетті түрде тыңдалады. Әрине, әр жағдай әртүрлі болады, сондықтан да болашақта біз қайшылықтарды шешудің әдістемесі мен алгоритмдерін әзірлеуді жоспарлап отырмыз.
Ал сіз үшеуіңіз бір-біріңізбен өзара қайшылықтарды қалай шешесіздер? Анда-санда ондай болып тұратын шығар...
Рината: Консалтингте жинақталған үлкен тәжірибе бізге жұмыс – жұмыспен, ал жеке қарым-қатынас – ол өз алдына жеке екенін үйретті. Біз жұмыс барысына байланысты дауыстап, әріұзақ дауласуымыз мүмкін, бірақ бұл бизнестен тыс, жеке қарым-қатынасымызға ешқандай да әсер етпейді.
Салтанат: Біз бала кезден дос болып, содан кейін бизнес ашуды жоспарлаған жас қыздар емеспіз. Біздің бір-бірімізбен қарым-қатынасымыз өте тамаша,әуел бастан бізді кәсіби қызығушылық біріктірді, жұмыс мәселесінбірлесе отырып шешудің арқасында жиналған достармыз. Ал қайшылыққа әкелуі мүмкін кейбір сәттерді (үлестер, алдағы жылдарға арналған жеке жоспарлар) біз елеусіз қалдырмаймыз, оны алдын ала талқылаймыз.
Гүлфия: Есейіп ер жеткен адамдардай стратегиялық тұрғыдан айтатын болсақ, жеке жоспарларғатүзету енгізіп отыру сияқты, бизнестегі серіктестердің көзқарасы да уақыт өте келе өзгеруі мүмкін екенін түсінеміз, бұл бизнестегі қалыпты жағдай. Сондықтан біз алдын ала келісіп, уақыт өткен сайын, жоспарды реттеп отырамыз. Ал «жедел» мәселелер бойынша пікірлеріміз сәйкескеле бермейтіндігі туралы айтатын болсақ, мұнда, әрине, әртүрлі жағдай болып тұрады (күледі), ең бастысы – оның кері нәтиже бермейтіндігіне көз жеткізу.
Масштабтау жоспарлары қандай?
Салтанат: Біз қазір Қазақстанның төрт қаласында (Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент) қызмет көрсетеміз. Енді араб елдеріне шығу мүмкіндігін қарастырып жүрміз. Сонымен қатар біз шеберлерді оқыту курстарын дамытқымыз келеді.
Сұрамасам болмайтын сияқты: бизнес пен отбасылық өмірді қалайшақатар алып жүруге болады?
Рината: Салтанат пен Гүлфия – отбасылы әйелдер, ал менің басым бос. Міне, сондықтан олар мені барлық жағынан пайдаланады (күледі).
Салтанат: Әрине, тәулігіне 24 сағат – біз бәріне де үлгеругетырысамыз (күледі)!Шынымды айтсам, мен біздің қоғамның түсінігіндегі үлгілі ана бола алмайтынымды, жұмыстан кейін үйге келе сала, бауырсақ пісіруге жүгіретін әйел емес екенімдіәлдеқашан білемін (күледі). Егер де отбасымен сапалы қарым-қатынас жасау мен тұрмыстық міндеттерді орындауды таңдау керек болса, мен, әрине, біріншісін таңдар едім, өйткені бала-шағамен жылы қарым-қатынас жасау өте маңызды. Уақытым бар кезде мен де отбасымды дәмді кешкі аспен, тәтті бәлішпен қуантамын, ал уақыт жоқ болса, тамаққа әрқашан тапсырыс беруге болады, керегін жеткізіп береді. Сондықтанда менің бизнеспен айналысқаныма қарамастан, отбасым назардан тыс қалмайды деп ойлаймын.
Гүлфия: Мен ұзақ уақыт бойы әрбірсалада мінсіз қызмет атқаруға тырыстым, алайда өзімді шашыраңқы сезіндім. Ақыр соңында ешқайсында да өзім қалағандай нәтижеге жете алмадым. Содан кейін еш жерде де мінсіз нәтиже болмайтынын түсіндім. Менің қызым қазір 17 жаста. Ол 13-14 жасында отбасы мен балалардың жетістіктері үшін ата-анасы ештеңені құрбан етпеуі керек деп саналы түрде айтты.
Рината: Өкінішке орай, біздің қоғамда әйелдер белгілі бір жаста тұрмысқа шығып, отбасын құру, балалы болу мәселесінеқатысты үлкен қысымға ұшырап отырады. Бұл әсіресе 30 жастан асқан кезде қатты сезіледі. Алайда әркімнің өз өмірі мен өз өмір жолы бар екенін түсіну керек, әрі оны қоғамның талаптарына қарай бейімдеу түк те пайдасыз. Қазір мен iWow-дан бөлек, менторлық қызметпен де айналысамын: кәсіпқойлар мен кәсіпкерлерге өздерінің дамужәне өсу стратегиясын құруға көмектесемін. Сол себепті мен де тәрбиемен айналысып жүрмін.