Шығыс пен Батыстың арасындағы көпір
Марокконың Қазақстандағы елшісі Мохаммед Рашид Маанину Корольдіктің өңірдегі жетекші экономикалық державалардың біріне айналып келе жатқаны туралы және Марокко мен Қазақстанның бірлескен болашағын қалай дамытуға болатыны туралы айтып берді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Марокко Корольдігі заңды мемлекетке айналды. 1970 жылдары біздің елде қылмыстық әлем белең алды, сол жылдары болған кісі өлтірулерді тергеу үшін, патша судьялар тобын құрды. Қаза тапқандардың отбасыларына мемлекеттен өтемақы төленді. Бұл олардың жоғалтқан туыстарын қайтармайтыны анық, бірақ кейбір жағдайларда әділеттілік үстем болары сөзсіз.
Кейіннен біз инфрақұрылымды: порттарды, автомобиль және темір жолдарды дамыта бастадық. Инфрақұрылымнан кейін өндірісті дамыту басталды: Renault Франциядан тыс жерде Танжер еркін сауда аймағында ең үлкен зауыт салды, нәтижесінде бүгінде Марокко жылына 900 мың автомобиль шығаруда. Сонымен қатар Мароккода Airbus және Boeing үшін үш зауыт ашылған.
Марокко – әлемдегі фосфат қорының 80%-ын өндіреді, негізгі өнімдері –фосфат пен тыңайтқыш. Басқа елдерде де солай. Қазір біз Нигерияда, сондай-ақ Эфиопияда, Бразилияда, Үндістанда бірнеше миллиард долларлық инфестициямен зауыт салдық. Бұдан бөлек, мұнайдың қымбаттауы жағдайында біз өзіміздің энергетикалық қауіпсіздігімізге қамқорлық жасай отырып, 17 мың га жел электр станциясын саламыз.
Мінсіз мемлекет болуы мүмкін емес, сіз өзіңіз мықты, әрі өзгелерден басым түсетін салаларда бірінші болуға тырысуыңыз керек. Біз дәл осы тәсілді ұстанамыз және соның нәтижесінде біздің ЖІӨ бір адамға шаққанда $500-дан $3000-нан астам көрсеткішке дейін өсті. Біз ауыл шаруашылығын трансформациялаймыз: судың жетіспеушілігін немесе керісінше дрондармен оның өсімдіктер үшін артық болмауын қадағалаймыз. Осының арқасында еліміз барлық азық-түлік импортынан экспортқа өтті.
Патша бейнесі біздің еліміз үшін өте маңызды. Ол қайырымдылықпен белсенді түрде айналысады, кедейлерге көп көмектеседі. Корольдік отбасы мүшелерінің ешқайсысында үкіметтік лауазымдар жоқ, ал премьер-министр мемлекетті тікелей басқарумен айналысады. Айтпақшы, Марокко – әлемдегі исламшыл партия қандай да бір драмалық оқиғаларсыз сайлауда жеңіліп, күшін жоғалтқан жалғыз ел!
Марокко мен Қазақстанды көшпелі мәдениет байланыстырады. «Отан» сөзі сіздің де, біздің де Әнұранымызда бар. Көшпенділер – бірегей дүниетанымы мен құндылықтары бар адамдар тобы, бірінші кезекте олар бостандықты бағалайды.
Менен көпшілік Мароккодағы көп әйел алушылық туралы сұрайды. Бұған рұқсат етілген, бірақ 25 жыл бұрын патша Мұхаммед VI күйеуі екі немесе одан да көп әйел алғысы келсе, бұрыннан бар әйелі (немесе әйелдері) отбасылық сотта төраға алдында келісім беруі керек деген заң шығарды.
Марокко мен Қазақстанның бірлесіп даму мүмкіндігі бар. Біз Орталық Азияның көп бөлігін қамтамасыз ету үшін, тыңайтқыш өндіретін зауыт салуды армандаймыз. Мен жергілікті шенеуніктермен келіссөздер жүргізудемін. Бұл ауқымды жоба, бір зауытқа шамамен 5 миллиард доллар және 5-6 мың жұмыс орны дайын.
Автор: Ерлан Нүкенов
Фото: Елшінің жеке мұрағатынан