Темір тұлпар – ер қанаты
Заманауи көшпенділер бұрынғы ата-бабалары сияқты – әлем адамы. Қозғалыс адамы үшін жылдамдық өте маңызды. Бүгінгі таңда оған жайлылық та қосылады. Мінген тұлпары – көшпенділер өмірінде ерекше орын алады.
Қазақ халқы «Ер қанаты – ат» деп, астындағы тұлпарға ерекше назар аударған.
Көшпенділер өз тұлпарына әрқашан өте жақсы күтім жасаған, сұрыпталған азықпен тамақтандырып, оны безендіріп, сыртқы келбеті арқылы даралығын жеткізуге тырысқан.
Бүгінде өмір аздап өзгерді... Әрі тұлпар да өзгерді... Енді ол темір тұлпармен алмасты.
Museofnomad редакциясы бұл тақырыпта Rolls-Royce Motor Cars компаниясының Орталық және Шығыс Еуропадағы, Ресей мен Орталық Азиядағы коммуникациялар жөніндегі директоры Франк Тиманнмен әңгімелесті.
– Бүгін біз көліктерді салыстыра отырып, қазіргі көшпенділер қандай көлік таңдайтынын түсінгіміз келеді. Автокөлікті таңдау кезінде оның жеке ерекшелігін қалай ажыратуға болады?
– Біздің көптеген клиенттеріміз интернационалдық өмір салтын ұстанады. Негізгі үйі Алматы немесе Лондонда, жазғы резиденция Лазурлы жағалауда, ал қысқы шале – Қызыл Полянада немесе Швейцар Альпісінде болуы мүмкін. Заманауи көшпенділердің өмір ырғақтары қарқынды, олар Милан, Мәскеу немесе Пекин арасында бірнеше бизнесті қатар басқара алады. Rolls-Royce автокөлігіне инвестиция салудың себептері сөзсіз біздің палитрадағы түстерден кем емес, ал олардың саны 44 мыңнан асады. Десе де, оларды ерекше нәрсе алу деген қалау біріктіреді. Шынында да, тұрмыс жағдайын айқындап, мінезінен хабардар ететін – жеке автомобиль, ол өте маңызды, ерекше ыстық сәттерді еске түсіреді. Айналамыздың барлығы бізге шабыт сыйлайды. Біздің Bespoke бағдарламасы жеке, дараланған дизайндарға жауап береді, бұл жай ғана опциялар тізімінен әлдеқайда ауқымды жүйе. Bespoke мүмкіндіктері тек клиенттің қиялымен ғана шектеледі.
– Автомобиль шедеврлерін жасау кезінде Rolls-Royce командасы әртүрлі нәрселерден шабыт алатынын білеміз. Табиғат сіздердің жұмыстарыңызға қалай әсер етеді?
– Брендтің негізін қалаушы Генри Ройс бір кездері компанияның философиясын «барлық нәрсенің ең жақсысын ал және оны жақсырақ жаса» деп тұжырымдаған. Біз әлі күнге дейін технологиялар мен материалдар қолданысы кезінде осы қағиданы ұстанамыз. Rolls-Royce салоны сізге рахат сыйлайтын ең жақсы материалдан, мұқият іріктелген және қолға жағымды теріден жасалған. Салон ішінде сізге көрінгеннің, сіз ұстағанның барлығы табиғи материалдан жасалған. Оның үстіне табиғат – шабыттың сарқылмас қайнар көзі.
– Сізде ең қиын жерлерде – шөлде, ойлы-қырлы жерлерде жүруге ыңғайлы, жол талғамайтын, нағыз көшпенділерге арналған темір тұлпарлар бар ма? Бар болса, сән мен салтанатқа орын қалдыру қалайша мүмкін болды?
– Rolls-Royce-тің әрбір моделін жасаған сайын, біз әлемдегі ең жақсы көлікті жасап шығаруға тырысамыз. Ол ең талапшыл клиенттердің үміттерін ақтап, қалауын қанағаттандыруы керек. Ең маңызды элементтердің бірі – тәжірибелі жүргізуші, біз оны «кілем ұшағымен ұшу әсері» деп атаймыз. Көліктің күшті қуаты бірқалыпты үдеумен және үнсіз жүріспен үйлесім табады. Көлік жүргізушінің тәжірибесі де мол болуы аса маңызды. SUV әлеміндегі Cullinan, Rolls-Royce кез келген жол жағдайында осы тәжірибені қамтамасыз етуге – яғни көліктің кез келген бөлшегі сәнді де салтанатты қымбат бұйым ретінде жасалуын қамтамасыз етуге арналған. Әрине, бұл сұлулық сүйер қауымның көзіне бірден түседі.
Сұхбаттасқан: Газиза Габи
Аударған: Мөлдір Адамжан
Сурет: кейіпкердің жеке мұрағатынан