ҰЛТ ӘШЕКЕЙІ
«Қазақювелир» компаниясы – зергерлік салондардың тармақталған желісінен тұратын меншікті өндіріс, ұлттық бояу мен еліміздің мәдениетін дамытуға деген ұмтылыстың көрінісі. Аталмыш компанияның президенті – Инкербаева Аида Дабырқызы.
Аида Дабырқызының келуімен компанияда оң өзгерістер орын алды. Тұтынушылар мен ассортимент шеңберінің кеңеюіне байланысты сатылым саясаты қайта қаралды. Компанияны дамытудың шешуші факторларының бірі – команданы кәсіби мамандармен нығайту. Салондардағы сөрелер, жарықтандыру, музыкалық фонға дейін заманауи стильде жаңартылған. «Қазақювелир» – мәңгілік құндылықтар» ұраны меншікті өндіріс үлесінің артуына әсер етеді. «Қазақювелир» компаниясының 80 жылдығына орай, өзіндік стильді сақтай отырып, оның атауын жаңа ұрпаққа бейімдеу мақсатында ребрендинг өткізілді. Логотиптегі араб жазуы латын әліпбиіне ауыстырылды. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша 17 бөлімшесі бар компания салондарының атауларын компания атауымен біріздендіру жалғасуда. «Қазақювелир» минимализм стилінде ұлттық бояуы бар бірегей әшекейлер жасай отырып, үрдістер енгізуде.
– Әйелдің басқара алмайтыны, әсіресе еліміз бойынша бөлімшелері бар ірі компанияның тізгінін ұстай алмайтыны жайлы пікір сіз туралы емес сияқты.
– Төрт жыл бұрын елдегі әйгілі зергерлік компанияның басшысы атанған кезімде, адамдардың «Қазақювелир» дүкендеріне келуі төмендей бастады. Алдымен компанияны жаңғыртып, содан соң тұрақтылыққа қол жеткізіп, түптің түбінде, нарықтағы үдерістерді орнатуыма тура келді.
Қалай дегенмен, зергерлік өнердің қыр-сырын әйел адам жақсырақ сезінетін секілді. Бұйымның барлық әсемдігі мен сұлулығын әйелден артық кім түсінбек? Түйсіктің өзі әйелге тән. Табысты тек рационалды тура ойлау мен технология арқылы жүзеге асыру мүмкін бола бермейді, өйткені уақыт тез өзгеруде. Әйел үлгеріп қалу үшін түйсігін іске қоса алады, жан-жағына назар аударып, тәжірибе жасауы мүмкін. Алайда «Қазақювелир» жекешелендірудің ауыр жолына, елдегі ақша мен тауардың жоқтығына, жылдық 400%-дық несиеге тап болғанда, компанияның тізгіні әкемнің қолында болды. Мықты көшбасшылық дағдыларының, адаммен тіл табысқыш әрі белсенді іс-әрекетінің арқасында ол Кеңес Одағында және шетелде қалыптасқан байланыстарын қалпына келтіре алды. Үндістан, Италия, Ресей жеткізушілерімен қарым-қатынас орнатты және 90-жылдары тауарларды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етті. Қызметкерлер «Сондай қиын кезді көргендіктен, бізге ештеңе болмайды», – дейді.
– Демек, компанияда 30 жылдық еңбек өтілі бар қызметкерлер бар ғой?
– Иә, адамдар – ең құнды ресурс. Қазіргі таңда бізде қарқынды ырғаққа, уақыт талабына ілесе алатын мықты мамандар тобы бар. Өз командама сенемін және олардың құзыретті пікірлеріне құлақ асамын. Мен үшін әр қызметкердің кәсіби жетілуі аса маңызды. Басшы ретінде әңгімелесуге дайынмын – жұмыс күнім біздің кез келген дүкенімізде, зертханада, өндірісте немесе маркетингтік іс-шараларда өтуі мүмкін.
– Әшекейлермен байланысты отбасылық дәстүрлеріңіз бар ма?
– Мектеп бітірген кезде әкем сыйлаған сырға – мен үшін бағалы естелік және оны құндылық ретінде сақтаймын. «Сырға салу» кезіндегі сырғамды әлі күнге дейін сүйсіне тағамын. Оларды сақтап, қыздарыма беремін деп үміттенемін. 80 жылдық тарихы бар компаниямыз қазақ халқының дизайны ұлттық мотивтерді, мәдениет пен этниканы бейнелейтін сапалы зергерлік бұйымдарды мұраға қалдыру дәстүрімен бекерден-бекер астаспайды. «Қазақювелир» әшекейлерінің қайталанбас стилі сізге ғана емес, келесі ұрпаққа да қызмет ететіні туралы ақпарат ауыздан-ауызға өтіп, біреуден екіншіге жеткізілуде. Әртүрлі жастағы адамдардың сенімін сезіну керемет әсер қалдырады.
– Бұйым ойға алудан бастап баға жетпес әшекейге айналғанға дейін қандай жолдан өтеді?
– Суретшілер жасаған өнімнің сұлбасы мақұлданғаннан кейін технологтар мен зергерлерге 3D-моделін жасау үшін жіберіледі, дизайнға түзетулер енгізілгеннен соң, өндіріс технологиясы бойынша жұмыстар, тастар мен металл түстерін таңдау басталады. Содан кейін өнім көп деңгейлі сапалық тексеруден өтеді: тастарды бекіту, алтын үлгісінің сәйкестігі. Алтыннан жасалған өнімнің үлгісі (585 немесе 750 сынамалы) қорытпадағы таза алтынның мөлшеріне байланысты, өйткені алтынның өзі «үш тоғыз – 999, құймаларда сатылатындықтан» өте нәзік келеді, оны тағу мүмкін емес. Импорттық тауарға жеткізушіден және сауда жасайтын компаниядан қос сынама қойылады. Одан кейін бұйыммен коммерциялық бөлімнің командасы айналысады: заттаңба, бұйымның сипаттамасы, түсірілімге арналған топтамаларды іріктеу; одан кейін маркетингтік бөлім әлеуметтік желілерге арналған түсірілімдер, салондарда тауардың сатылымын жақсарту үшін роликтер, түрлі акцияларды дайындау секілді жұмыстармен айналысады. Фотографтар, видеомейкерлер, копирайтерлер... «Қазақювелирдің» бірегей әшекейлерін өндіруге және сатуға қатысатындар осымен бітпейді. Сатып алушыларымыздың талғамы секілді, жұмыстың әр кезеңі өзінше маңызды.
Бір қызығы, біреулер қызыл алтын мен қарапайым дизайндағы бұйымдарды ұнатса, енді біреулердің талғамы сары алтын мен аса жарқын әшекейлерге түседі. Өндіріс барысында азаматтарымыздың сатып алу мүмкіндігі мен қалауын ескереміз.
Біз тұрақты және жаңа тұтынушыларымыздың жас ерекшеліктерін ескереміз, өйткені ХХ ғасырдың 60–70-жылдарында неке жүзіктерін сатып алғандарды ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы бізді бақылап, неке жүзіктерін алғысы келетін Z ұрпақ жайын да ойлаймыз. Олардың ата-аналары дәстүрге байланысты ерекше мерекелерге арналған сыйлықтар іздейді. Үйлену сақиналарынан және туыстарға арналған қымбат бұйымдардан тұратын зергерлік бұйымдардың тойға арналған топтамасы үлкен танымалдылыққа ие.
Кейде әлеуетті тұтынушылардың «неге қымбат?» деген сұрағы таңдандырады. Тауарлардың құнына деген осындай көзқарас кез келген салада кездесетін болар. Дегенмен өнімнің дүкен сөресінде болуы үшін, қаншама еңбек жұмсалғанын бізден артық ешкім білмес.
– Сату рейтингісіне не әсер етеді: өнім ассортименті, сапасы, бренд атауы немесе барлығы бірге ме?
– Ассортиментті халқымыздың мәдениетін көрсететін және сонымен бірге трендке енетін ұлттық ою-өрнектердің тартымды дизайнымен жаңарта отырып, сатып алушылардың «Қазақювелирге» жаңа бұйымдар алуға оралуы үшін қолдан келетіннің бәрін жасаудамыз.
Зергерлік бұйымдардың жеке өндірісін ашқан «Қазақювелир» Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату туралы ұсыныс жасады. Бірақ академия жылына зергерлік мамандығы бойынша небәрі бес студентті, негізінен металл мамандарын тәрбиелейді. Еуропаның үздік өнер оқу орындарында білім алған кең профильді дизайнерлер арасында іздеуді жалғастырдық. Жас дарындарымыз Пушкин кітапханасынан ою-өрнек іздеп, оларға қағазда заманауи өң сыйлайтын, содан соң зергерлік шеберлері сұлбаларды металға түсіретін.
Instagram-дағы 12 зергерлік бұйымнан тұратын алғашқы топтамамыз «Киіз үй» деп аталады. Оны жасау үшін бірнеше ай жұмсалды және көз алдымызда шебер жасалған бұйымдар, зергерлік шеберліктің жауһары пайда болды. Бүгінгі таңда топтамаларда жартылай бағалы тастарды, малахиттерді, лазуриттер мен ақ тасты, інжу-маржанды қолдану трендке айналды.
– Зергер-дизайнерлерге арналған сайыстар – жаңа дүниелердің бірі...
– 2021 жылы дарынды отандастарымыздың арасында зергерлік бұйымдарға арналған ең жақсы сұлбалар байқауы (300 мың теңгелік сыйлық бере отырып) өтті. 3D-модельдеу бағдарламасын білу мен мамандықтың маңызы болмады. Сайыстың құндылығы – креативті идеялар, болашақ бұйымдарға арналған бірегей суреттер. Жаңа есімдерді танытып, өзін көрсетуге мүмкіндік беретіндей осы сарындағы жарыстарды тұрақты түрде өткізуге ниеттіміз. Біздің мұратымыз – тек өнім шығару мен сату ғана емес, сонымен қатар шығармашылықты дамыту, мәдениет туралы білімді арттыру. Алдағы байқаудың ұйымдастырылуы жайлы «Қазақювелир» ресми парақшасынан көре аласыздар.
– Ұлттық дәстүрлер тақырыбын жалғап, мынадай сұрақ қойғым келеді. Сіздер тек зергерлік бұйымдармен ғана шектелесіздер ме?
– Тарихи сюжеттер мен ұлттық дәстүрлер бейнеленген жібек орамалдар топтамасын жасадық. «Жібек жолы», «Сырға салу», «Әшекейлер», «Сәукеле» орамалдары – Италияның үздік фабрикаларында дайындалған нағыз өнер туындылары. Олар шамамен өз құны бойынша сатылады.
– «Қазақювелир» компаниясының болашағы мен жоспарлары қандай?
– Топтамаларды жылына сегіз ретке дейін жаңартуды жоспарлап отырмыз. Қазақ мәдениеті мен бүгінгі күнге дейін қастерлеп келе жатқан ежелгі салт-дәстүрлер туралы құнды фактілер негізінде әшекейлер егжей-тегжейлі сипатталатын кітап-энциклопедия жазу ойда бар. Тұтынушыларымыз көптеген сұрақтарының жауабын осы кітаптан таба алады.
Біздің мақсатымыз – дәстүрлерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу және барлық мерекелерде сатып алушыларды бізге қайтадан оралуға ынталандыру.
Instagram-дағы парақшамызға қосылыңыздар және @kazakhyuvelir_official сайтынан жаңалықтарды оқи жүріңіздер. «Қазақювелир» салондарына келіңіздер. Сіздің бүгініңіз бен болашағыңызды безендіруге дайынбыз!
«Қазақювелир» бұйымдары бүгініңіз бен болашағыңызды безендіреді.