Ален Делон: мәңгілік ерлер стилінің символы
Purple Noon және Le Samouraï фильмдеріндегі рөлдерімен танымал Ален Делон ескірмейтін стиль иконасына айналды. Ол өзінің классикалық, жеңіл гардероб таңдауымен сәнге ерекше әсер қалдырды.
Белгілі актер күлгін түсті зығыр матадан тігілген көйлектер мен блейзерлерден бастап, әртүрлі көріністегі пальто мен күннен қорғайтын көзілдіріктің әртүрін таңдаған. Оның талғампаз стилі өзіндік мәдениеті мен мінез-құлқын бейнелейді. Актердің минималистік аксессуарларымен ерекшеленетін қарапайым да сәнді талғамы ерлер стиліне шабыт беріп, оны айқындайды.
«Делон алдымен жеке тұлға ретінде, кейін сомдаған кейіпкерлері арқылы сән редакторлары мен стилисттердің мудбордтарында ондаған жылдар бойы сақталады», - дейді стилист Кэтрин Хэйвард.
Ален Делон – француз киносының алтын ғасырының супер жұлдызы. Оның кино әлеміне қосқан үлесі мен ерекше стилі француз және әлемдік кинематографияға айтарлықтай әсер етті. Өз харизмасының және күрделі бейнелерді сомдай шеберлігімен бүкіл әлем бойынша миллиондаған көрермендердің кумиріне айналды.
«Ален Делон мықты актер ретінде әлемді мойындатты. Оның сомдаған рөлдері көрерменге шабыт сыйлап, армандауға жетеледі. Актердің ұмытылмас бейнесі біздің өмірімізді өзгертті», — деп жазды Франция президенті Эммануэль Макрон X әлеуметтік желісінде.
Аты аңызға айналған актер 2024 жылы 18 тамызда 89-ға қараған жасында дүниеден өтті.