Алматыда EURASIAN FASHION WEEK 2025 басталады

22–23 сәуір күндері Алматыдағы KOKTOBE HALL кешенінде EURASIAN FASHION WEEK-тің FW 25/26 маусымы өтеді. Бұл шара биыл «Fluidum» тұжырымдамасымен ұйымдастырылып отыр. Латын тілінен алынған бұл атау — икемділік пен қозғалыстың, еркін өзгерістің символы. «Fluidum» сәннің уақытпен, кеңістікпен, ұрпақпен шектелмейтінін, үнемі даму үстіндегі тірі құбылыс екенін білдіреді.

Сән апталығының басты бағыттары – инклюзивтілік пен гендерлік бейтараптық, дәстүр мен технологияның синтезі, перформанс ретінде ұсынылған интерактивті форматтар. Дәуірлерді байланыстыратын инсталляциялар сәннің бароккодан бастап заманауи стильдерге дейінгі эволюциясын көрсетеді.

EFW 2025-тің ресми бренд-амбассадорлары қатарында Жанна Ахметова, Ляйсира Марат, Арайлым Малгаждар, Данель Даулетжан, Ким Ольга, Ақбота Нурахын, Вероника Тен, Медина Жалғасова, Фатима Кулибали, Руфина, Айгерім Бердалиева, Ақмарал Нурланбекова, Лоу Камила, Алтынай Исақова және Диана Әбіл сынды танымал тұлғалар бар.

Шараның арнайы шақырылған қонағы – әзербайжандық дизайнер Анара Закирли. Ол ұлттық кілем өрнектерінен шабыт алған «Ajdaha», «Qoca», «Zərəfşan», «Tabriz», «Flowers in the Garden» топтамаларын ұсынады.

22 сәуір күні Сергей Шабунин («Sun Sergio»), Tasha Kazantseva, Дайана Арғымбаева («Rose & Boujee»), Ақмарал Нурланбекова («She Said Yes»), Кенже Девятко («Kenje»), Мира Шакербай («ShakerBay»), Арайлым Бектұрсын, Баян Сабазова және Исламбек Шәріпов («Zero») көрсетілім жасайды.

23 сәуір — KIDS FASHION DAY. Бұл күні балалар сән брендтері мен дизайнерлер – Bella Sopromadze, «ORCHESTRA», «Ave.Montaigne», «Benetton», «Twins Textile» (Хакимова Гульнара), сондай-ақ Muslim Fashion Day аясында «Malique» (Малика Усупова), «Adi Distance» (Айжан Атжанова), «BEYNE» (Мөлдір Әуелбекова) брендтері сахнаға шығады. Ethno Fashion Show бөлімінде «Gulnara Kassym», «MYRZA BRAND», «POLYRMORT», «SHIBKO», «Gulnaz Zheksembek» және «Kenje» дизайнерлерінің жұмыстары көрсетіледі.

EFW тек сән көрсетілімі емес – мәдениет пен бизнестің тоғысқан заманауи платформасы. Дизайнерлер мен брендтер өз идеяларын халықаралық деңгейде таныстырады, серіктестер инновациялық жобаларға қатыса алады, ал БАҚ пен көрермендер жаңа тенденциялармен жақын танысады.

Сән апталығының әлеуметтік миссиясы да ерекше: 23 сәуірде ерекше қажеттіліктері бар балалар (ДЦП, онкология, гемофилия және т.б.) подиумда кәсіби модельдермен бірге сән көрсетілімінде жарқырайды. Балаларға арнайы дайындалған образдар сыйға тартылады.

EFW және Халықаралық көші-қон ұйымы (БҰҰ агенттігі) бірігіп, әлеуметтік осал әйелдерге тігін ісі, бизнес және қаржылық сауаттылық бойынша білім беріп, «SARINA» атты брендті іске қосты. Қазіргі таңда 100-ден астам әйел бұл бағытта оқып, кәсіби дағдыға ие болуда.

Шараның бас серіктесі — «KOKTOBE HALL». Ресми серіктестері: «KAZZINC», «KAARAL», «YVES ROCHER», «RUAZ DENT», «RAHAT PALACE», «MEDART». Ақпараттық қолдаушылар қатарында «НТК», «KINOPARK», «RTS DECAUX», «IAM AGENCY», «TICKETON», «MUZZONE», «ГОРОД 24», «STYLE OF EURASIA», «GALAMAT MEDIA», «VISIT ALMATY» және «KAZMEDIA ACADEMIA» бар.

 
сән жаңалықтар Қазақстан
Көбірек оқыңыз