Christian Dior: бренд жайлы 7 дерек
Dior – таныстыруды қажет етпейтін бренд. Расында да ол жайлы барлығы біледі. Біз сіз бәлкім естімеген бірқатар қызықты деректерді жинадық.
Дерек 1.
«Саған әйелдер көмектеседі – олар арқылы сен байлық және атаққа жетесің». Кристиан Диор 14 жаста болғанда, оның бүкіл әлемге танылуын көріпкел болжаған. Жылдар өте сән шеберінің жеке көріпкел әйелі болды. Ол маңызды шешімдерді Делайе ханымсыз қабылдамаған.
Дерек 2.
Christian Dior бренді ешқашан сәнгерге тиесілі болмаған. Бүкіл мансабы барысында Диор жалдамалы қызметкер болған. Заңды түрде бренд фабрика иесі Марсель Буссакқа тиесілі болған, онымен бірге сән шебері 1946 жылы Сән үйінің негізін қалаған.
Дерек 3.
NewLook деп атаған алғашқы жинағы соғыстан кейінгі сән әлеміне жеңісті түрде енді. Әйел – гимнастеркаға әскери серік емес. Кеңейтілген белдемше және мүсінді айқындай түсетін жекеттер ханымдарға ұнауға және назар аудартуға деген құлшыныстарын қайтарды. Соғыс салдарынан тұншыққан Еуропа үшін Диор киімдері жаңа дәуірдің бастамасы болды.
Дерек 4.
Бренд алғашқылардың бірі болып сән әлемі кәсібінде лицензияланған келісімдерді қолдана бастады. Негізі қаланғаннан 10 жылдан кейін Christian Dior салондары 24 елде жұмыс істеп тұрды.
Дерек 5.
Ив Сен-Лоран, Джанфранко Ферре, Раф Симонс. Олар әр түрлі жылдарда Dior-дың басты сәнгерлері болды. Үшеуі де өздерінің жеке киім және аксессуарлар брендтерінің негізін қалады.
Дерек 6.
Christian Dior – бұл киім ғана емес, сонымен қатар аксессуарлар, косметика, сағаттар және тіпті ұялы телефондар да. Бренд парфюмерияда үлкен жетістіктерге жетті. Dior иіс суы әлемде сатылым көлемі бойынша 4-ші орында.
Дерек 7.
Dior экологияға қамқорлық жасайды. Мысалы, ерінге арналған жылтыр құтысының үштен бірі қайта өңделген материалдардан жасалған. Ал косметикадағы табиғи қоспалар үлесі 80 пайыздан артық.
Автор: Амина Манаева