Dior және stone island бірлескен коллаборация ұсынды
Massimo Osti брендінің эстетикасымен біріккен Christian Dior мұрасы ерекше коллекцияны жасады. Жаңа топтама париждік жоғары кутюрдің романтикасы мен солтүстік итальяндық шеберлерге тән сипатта шығарылды. Екі сән үйдің бірлескен коллаборациясынан туған ерлерге арналған киім топтамасы дизайндағы романтизммен және сапалы матамен ерекшеленеді.
Коллекцияда былғары сыртқы киімдер мен кеудешелер және көптеген аксессуарлар бар. Одан бөлек Stone Island және Dior логотиптерімен күннен қорғайтын көзілдірік, қолғап, әртүрлі пішіндегі және өлшемдегі сөмкелер бар.
Әрі қарай атқарылатын бірлескен жұмыс аяқ киім бөлімінде жалғасын тауып, онда брендтер коллекцияның бір бөлігі ретінде бірнеше жаңа дизайнды шығаруды жоспарлап отыр.
«Бұл жинақта Диор мырза мен Массимо Ости сән спектрінің екі түрлі әлемі бола тұра ортақ мүдделермен тоғысты. Бұл жерде қарама-қарсы дәстүрлердің үйлесуі кезінде киімнің өзіндік алхимиясы пайда болады», - дейді Dior ерлер желісінің креативті директоры ресми баспасөз хабарламасында.
Топтаманың дүние жүзі бойынша шығарылымы 4 шілдеде болады.