Джорджио Армани Италияның ең жоғары марапатына ие болды

Дизайнер сән индустриясында Үлкен Крест орденін иеленген  үшінші адам.

"Бұл марапат мен үшін ерекше мәнге ие. Оны Мемлекет басшысы ғана емес, сондай-ақ ұстанымдары, ашықтығы мен мейірімділігі жоғары деңгейдегі тұлға  болып табылатын біздің президент табыстады. Мен өз жұмысыммен  бүкіл әлемге Италияның атын танытқанымды мақтан тұтамын. Бүкіл елдің атынан берілетін осы беделді атаққа ие болу мен үшін үлкен мәртебе", — деді дизайнер.

 

 

Италия Президенті Серджо Маттарелла 87 жастағы дизайнер Джорджио Арманиді елдің ең жоғарғы марапаты — Үлкен Крест орденімен марапаттады. Жеке салтанатты рәсім 26 қарашада Мемлекет басшысының үш ресми резиденциясының бірі – Римдегі Палаццо Дель Квириналда өтті. Арманидің сән және өнер саласындағы еңбегі үшін ерекше құрметке ие болғандығы атап өтілді. Ол алпыс жылға жуық уақытын дизайнерлік мансапқа арнады.

Бұған дейін сән әлемінен тек екі адам үлкен крест орденіне ие болған. Олар Валентино Гаравани 1986 жылы және Миучча Прада 2015 жылы.

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Фото: ашық дерек көзінен

Көбірек оқыңыз