Этно мотивтері

  Ұлттық нақыштағы киімдер заманауи, жарқын және батыл дизайнда көрініс тауып, сән әлемінде лайықты орындарын алды.

Этностиль сән нарығындағы жаңашылдыққа сәйкес өзгеріске еніп, замандастарының талғамына сай түрленуде. Киім дизайнындағы дұрыс таңдалған аксессуарлар мен элементтер образға ұлттық бояу береді.

Muse of Nomad редакциясы сәнге қажетті жылтырлық мен тұтастық сыйлайтын  ұлттық стильдегі киім детальдарының топтамасын ұсынады.

Зергерлік бұйымдар

Ұлттық нақыштағы зергерлік бұйымдар – шашбау, білезік, шекелік, алқа мен сырғалар өзінің иесін достарының арасында да, әлеуметтік ортада да ерекшелей түседі.

Тақия

Қалпақ трендтен шықпаса да, күнделікті образды ұлттық нақыштағы тақиямен үйлестіруге болады. Түсі және матасын дұрыс таңдап, мерекелік кештерде образды толықтыруға арналған таптырмас деталь.

Шапан. Кәжекей

Ұлттық нақыштағы заманауи шапандар мен кеудешелер комбинациясының батыл және сапалы сыртқы киімнің күтпеген үйлесімі бола білген кәжекей гардеробтан классикалық тренчтер мен жакеттерді ығыстырады.

Белбеу

Қазақы стильдегі белбеу мен кестеленген ою-өрнектер сіздің кешкі көйлегіңізді қайталанбастай ерекшелендіреді.

Аксессуарлар

Гардеробыңызды этностильдегі өнімдермен толықтыруды шешсеңіз, тиісті аксессуарларды мұқият таңдаңыз. Ең дұрыс таңдау түйреуіш немесе сөмке болуы мүмкін.

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Иллюстратор: Асем Омарова @asem.dreamer

Көбірек оқыңыз