Gucci-дің жаңа амбассадоры "Кальмар ойыны" фильмінің актері

Кальмар ойынының актері Ли Джон Дже Gucci-дің жаңа амбассадорына  айналды.Танымал Netflix сериялындағы басты рөлінен бөлек ол көптеген корей фильмдерінде — "Жаңа әлем", "Құдайлармен: екі әлем", "Бізді айла-амалдан құтқар" фильмдеріне түскен. Алдағы уақытта түсірілімі жоспарланған " аңшылық" жобасы ол үшін режиссерлік дебют болмақ.

 

 

Итальяндық бренд: "оның таланты мен сәнге деген көзқарасы Gucci-дің құндылықтарымен үйлесім табады", - дейді. 

Брендтің Instagram-дағы ресми парақшасында актер Ли Джон Дженің суреттері "Gucci актер Ли Джон Джені қарсы алады"  жазбасымен жүктелді Бұл суреттерде актер Gucci-дің  Изумруд костюмі мен  классикалық қауырсын костюмін киген .

 

 

Ли Джон Джеден бөлек  кәріс  актриса Шин Мина Gucci-дің жаңа амбассадоры болып тағайындалған. Ол "Өлімге әкелетін Махаббат", "Менің сүйіктім− Кумихо", "Аран мен магистрант", "О, менің Венерам!", "Ертең сенімен" және "Теңіз жағалауындағы Ча Ча Ча ауылы" телехикаяларымен танымал. 

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Фото: ашық дерек көздеріне

Көбірек оқыңыз