Gucci Миландағы сән апталығына арналған жаңа топтамасын ұсынбақ
Әлемге әйгілі итальяндық Gucci бренді ақпан айында Миландағы сән апталығы аясында жаңа коллекцияны ұсынбақшы.
Итальяндық бренд коронавирустық пандемияға байланысты бірнеше көрсетілімдерді онлайн режимінде өткізген болатын. Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет Gucci күзгі-қысқы 2020 коллекциясымен Миландағы сән апталығына қатысқан еді.
Осы жылдың қараша айында сән үйі Лос-Анджелесте 2022 жылдың көктем-жазының жаңа топтамасын ұсынып, подиумға оралды.
Сонымен қатар, Gucci қосымша екі шоуды 2022 жылыкөктемнің соңында және қыркүйекте өткізуді жоспарлап отыр.
Автор: Мөлдір Адамжан
Фото: ашық дерек көздерінен