Итальяндық дизайнер Нино Черрути өмірден өтті

Италияда 91 жасында Cerruti 1881 үйінің негізін қалаушы және итальяндық сән әлемінің әкелерінің бірі Нино Черрути өмірден өтті. Дизайнер Верчелли қаласындағы ауруханада  ота алдында қайтыс болған.

«Басқарушы мен дизайнер Нино Черрутидің өмірден өтуі мені қатты қынжылтты: итальяндық кәсіпкерліктің алыбы, Биелла тарихының маңызды бөлігі онымен бірге кетеді. Ол мәңгілік менің жадымда сақталады. Мен оны итальяны үлкен сән ораталығына айналдырған дарындығы мен көрегендігі үшін, «Италияда жасалған» бренді үшін ұмытпаймын» - деді Пьемонт Экономикалық даму министрінің орынбасары Жилберто Пичетто. Бұл туралы Breakinglatest news бөлісті.

Нино тоқыма өнеркәсіпкерлерінің отбасында дүниеге келді және 20 жасында бизнесті атасынан мұра етті. Содан кейін оны әлемге әйгілі брендке айналдырды. 1957 жылы дизайнер Миланда өзінің алғашқы Hitman киімін ұсынды, ал он жылдан кейін Парижде Cerruti 1881 бутигін ашты. Оның бренді заманауи классикалық стильдің бейнесі болды және өзінің прогрессивті көзқарасы мен мінсіз сапасымен танымал болды. 1960 жылдары Cerruti Hitman ерлер желісінің дизайнын Джорджио Армани жасады, кейінірек ол бүкіл әлемге танымал болды. Черрути сонымен қатар кино кейіпкерлеріне образдар жасад.  Cerruti костюмдерінде «Қозылардың үнсіздігі», «Сұлулық» және «Негізгі инстинкт» сияқты танымал картиналардың кейіпкерлері киінген. Сонымен қатар, Черрути Ferrari Formula 1 командасының дизайнері болды.

«Мен Нино Черрутидің өлімі туралы естігенде қайғыға баттым... Соңғы жылдары өте сирек көріскенімізбенм, мен оны әрқашан өміріме нақты, әрі жағымды әсер еткен адамдардың бірі деп санайтынмын. Мен одан сәнге деген талғамды ғана емес, сонымен қатар дизайнер және кәсіпкер ретінде жан-жақты көзқарастың маңыздылығын білдім», - деп Women ' s Wear Daily Джорджио Арманидің пікірімен бөлісті.

 

Авторы: Мөлдір Адамжан

Фото: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз