JIMMY CHOO-дың жаңа елшісі – үнді ханшайымы Гаурави Кумари

JIMMY CHOO бренді Үндістан аймағындағы өз позициясын нығайтып келеді. Бұл сөзіміз жақында ғана Лондондағы коктейль кеші Үндістанның Vogue журналының мамыр/маусым айларында актриса Симон Эшлидің қатысуымен өткені және Мумбайдағы екі бутик ашуында айқын дәлелденеді. 


Аталған бренд кезекті жарнамалық науқанында үнді ханшайымы бейнеленген сәнді аяқ киімдер мен аксессуарларды шығарды. Үндістандық амбассадор болып Джайпур корольдік отбасының мүшесі, ханшайым Гаурави Кумари тағайындалған. 

24 жастағы ханшайым Джайпурдағы PDKF дүкенінің негізін қалаушы. Сондай-ақ ол жергілікті брендтерді қолдап кедейлерге көмектесетін Дия Кумари қорымен ынтымақтасады.

«Мен олардың биік талғамы мен қайталанбас мәңгілік стильдік көзқарасына тәнті болдым. Бұл серіктестік біздің ортақ мұраттарымыз бен құндылықтарымызға сай келетініне сенімдімін», - деді брендпен ынтымақтастық туралы ойымен бөліскен үнді ханшайымы.

Көбірек оқыңыз