Кендалл Дженнер көктемнің ең сәнді киім үлгісін көрсетті

Көктемнің келуіне аз уақыт қалғанын ұмытпаған боларсыз. Тіпті гардеробыңызды жаңартуды ойлап, сәнді образдарды елестетіп үлгергенде шығарсыз. Бұл уақыт жарқын түстерді байқап көруге арналған кезең.  Шуақты күндердің басталуын асыға күтетіндер үшін Кендалл Дженнер шабыттандыратын ерекше образ ұсынды.

kendal-2jpg 

kendaljpg 

Досымен кездесу үшін модель сары жемпірді таңдады, оның үстіне қызғылт сары жемпірді іліп алған. Жарқын образын бикеш көк джинсымен  және өкшесі бар қара қоңыр етікпен үйлестірді. Кендалл аксесуар ретінде қара көзілдірік пен алтын сырға таңдаған.

kendal-3jpg 

Бұл образ сән әлеміне жаңашылдық әкелді. Әсіресі, ашық түстермен тек базалық түстерді үйлестіріп жүргендер үшін үлкен жаңалық болды. Ендеше көктемде ережелерді бұзып, өзіндік ерекше  образ жасаудан қорықпаңыз.

 

Автор: Мөлдір Адамжан 

Суреттер:  баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз