Ким Кардашьян Balenciaga брендінің амбассадоры
Американдық жұлдыз, дизайнер, әрі модель Ким Кардашян Balenciaga брендінің ресми мүшесі болды. Ким осы брендтің жанкүйері екені бірнеше рет байқалған болатын. Арнайы шақырылған ауқымды іс-шаралардың көбіне француз сән үйінің киімдермен баратын. Мәселен: Нью-Йорктегі Метрополитен өнер мұражайының костюм институтының жыл сайынғы Met Gala балында, SNL кешкі музыкалық бағдарламасында және тіпті жай ғана серуендеуге де Balenciaga киімдерін киіп шығатын.
Balenciaga – 1919 жылы испаниялық дизайнер Кристобал Баленсиага негізін қалаған сән үйі. Кристобал тәжірибе жасаудан қорықпайтын және киімнің стандарты моделдерін жиі өзгертетін. Ол өз замнында батыл және ерекше киім үлгілері мен күрделі кескіндер жасады. Иықтарын кеңейтіп, белін шешіп, әдеттегі жаттанды силуэтті өзгертті. Париждің жоғары сән синдикаты мүшелерінің қатарына кіруден және әдеттегі шоу кестесіне қатысудан бас тартқан алғашқы дизайнер. Баленсиага суретшінің еркін, әрі табысты бола алатындығын дәлелдеді.
Balenciaga брендінің ресми аккаунты Instagram-дағы парақшасындар жарияланған барлық суреттер мен видеоларды өшіріп тастады. Кейінірек жарнамалық науқан аясында Ким Кардашянның түрлі киімдерде түскен суреттері бар пост жариялады.
Бұл жаңалық пен сән үйінің шығармашылық директоры Демна Гвасалия да бөлісті. Сонымен қатар, ол түсірілім Кимнің Калабасастағы үйінде өткізілгенін айтты.
Кимнен басқа, сән брендінің жарнамалық науқанына француз кино әлемінің актрисасы — 68 жастағы Изабель Юппер қатысты. Бұл оның Balenciaga-мен алғашқы ынтымақтастығы емес. 2021 жылы Канн кинофестивалінің қызыл кілемінде ол сән брендінің көйлегін киіп, біраз уақыттан кейін әнші Джастин Бибермен бірге Balenciaga үшін арнайы фотосессияға қатысқан.