Кристиан Диор – сән әлеміндегі революция

Бүгін ұлы дала аруы Алла Ильчун музасы болып, шабыттандырған сән әлемінің әйгілі дизайнерінің туған күні.  Кристиан Диор оны сәттілік әкелетін бойтұмары деп санаған. Шығыстың жауһарымен олар 11 жыл бойы бірге жұмыс жасайды. Осы уақыт аралығында тігілген киім үлгілері бүгінгі күнге дейін сәнқойларды таңқалдыруда. 

 

 

Кристиан Диор - әйгілі  сәнгер, атақты сән үйінің негізін қалаушы, 1905 жылы 21 қаңтарда Гранвилде дүниеге келді. Ол Александр Луи Морис Диор мен Мари-Мадлен Жюльетта Мартиннің отбасындағы екінші бала. 

1911 жылы Диор әулеті Парижге қоныс аударады. Кристиан бұл шешімге қуанбаса да, уақыт өте келе көндігуіне тура келеді. Бір жылдан кейін оның әкесі мен ағасы, Морис пен Люьсен Диорлар  Dior Fils & Cie («Диор ұлдары& Ко») маркасын жарыққа шығарады.  Бұл оларға қаржылық сәттілік әкелді.

Бірақ болашақ дизайнер әкесінің ісіне мүлдем қызығушылық танытпайды. Өткір иісті зауыттар оған жағымсыз эмоциялар сыйлайтын. Осыдан кейін ол өз өмірін ешқашан машиналармен және кеңселермен байланыстырмаймын деген шешімге келеді. Сондықтан да болар, ол анасының ең жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді: тыныштық, сенімділік және эстетикаға деген сүйіспеншілік.

Оның шығармашылық жұмысының дамуына әжесі Мадам Жюльетта Мартин ерекше үлес қосады. Ол Кристианның басқа немерелерінен ерекшеленетінін бірден байқайды. Оның әрбір карнавалды тағатсыздана күтетінін және шақырылғандардың киімдері, оркестрлердің гуілі және гүлді туындыларға қалай  қуанатынын байқайды. Бірақ, ең алдымен, болашақ кутюрье костюмдердің тәуелсіз өндірісіне қызығушылық танытады. Ол жаңа киімдерді ойлап тауып қана қоймай,  қағазға түсіреді.

Кристиан костюм тігуге толығымен еніп кетеді. Оған эскиздеріне сәйкес бірнеше киім тігуге келісетін әжесі көп көмектеседі. Осылайша, үйдінің төртінші қабатында оның алғашқы ательесі ашылады.  Сүйікті немересінің жұмысын мұқият қадағалайтын Жюльетта барынша шынайы баға беретін. Кейінірек Кристиан еркін саяси ғылымдар мектебіне оқуға түседі, бірақ оның дипломатиялық қызметі, әрине, ұзаққа жалғаспады. Өйткені, ол өзінің сән әлемінің бөлшегі екенін түсінеді. 

1928 жылы досы Жан Бенжанмен бірге жеке көркем тындылар галереясын ашады. Олар онда Андре Дерен, Анри Матисс, Пабло Пикассоның жұмыстарын көрсетеді. Бірақ Кристианның анасы қатерлі ісік ауруынан қайтыс болғаннан кейін жағдай бұрынғыдай жақсы болмайды. Әкесінің кәсіпорны құлдырап, галерея қаржыландырусыз қалады. 

Алайда, бұл дағдарыс оның бүкіл өмірлік сәттілігімен аяқталады. Көркем галерея қирағаннан кейін ол Париж сән үйлеріне эскиздерін сата бастайды. Ле Фигаро. Осы күш-жігердің нәтижесінде оның талантын тоқыма магнаты 1946 жылы Кристиан Диордың сән үйін қаржыландырған Марсель Буссак байқайды. 

Christian Christian Dior алғашқы коллекциясын 1947 жылы Диор "мінсіз әйел" бейнесінде: талғампаз және жұмбақ етіп, көлемді белдемшелер мен талшыбықтай белдерді ерекшелеп жасайды. Ол әйелдерге сұлулығына назар аударуды, өз-өзіне ұнауды үйретеді. Сыншылар тіпті оны маталарды ысырап қылып пайдаланғаны үшін айыптайды. Алайда наразылықтар сән империясының кеңеюіне кедергі бола алмайды. 1948 жылы компанияның Нью-Йоркте бутигі пайда болады. Бір жылдан кейін Кристиан Диор өзінің атымен аксессуарлар, терілер мен сөмкелер шығаруға лицензия алады. Алайда, оның Диор де-юре бренді инвестор Марсель Буссакқа тиесілі еді, ал ол өзінің бүкіл мансабында сән үйінде тек қызметкер болып жұмыс атқарды.

1957 жылы оның өмірден кетуі сән әлемін дүр сілкіндіреді. Ол 52 жасында жүрегі тоқтап өмірден өтеді.  Оның орнына сән үйін құтқару үшін 21 жастағы  көмекшісі келеді. Ив Сен-Лоран сән әлемі тарихындағы ең жас сәнгер боып қалады. Тіпті оны «кішкентай сән ханзадасы» деп атап кетеді. Өзінің алғашқы көрсетілімін бірнеше айда дайындап шығуына тура келеді. Тіпті ол коллекциясын небәрі 15 күнде салып шыққан.  Шоу 1958 жылдың 30 қаңтарында өткізіледі. Осы күннен бастап көптеген дизайнерлер брендті басқарды. Олардың әрқайсысы сән үйінің тарихында өз қолтаңбасын қалдырған.

2016 жылы Итальяндық Мария Грация Кьюри басшылыққа келеді. Ол сән үйінің тарихында креативті директор қызметін атқарған алғашқы әйел.. Әйелдер желісімен қатар, сәнді үйде ерлер топтамасы да  бар. Оған 2018 жылдың наурыз айынан бастап Ким Джонс басшылық етеді.

Кристиан Диордың өзі өзінің жетістігі туралы былай дейді: «Мен ең алдымен мінсіз жасалған жұмысты ұсынғым келді. Менің ниетіме сән әлемінде төңкеріс жасау кірмеді, тек өзімнің шығармашылық жоспарларымды адал орындағым келді».

Сіздердің назарларыңызға Кристиан Диор туралы фильмдер топтамасын ұсынамыз:

 

1. «Мсье диор» (1994);

2. «Кристиан Диор. Тарихи тұлға»  (2005);

3. «Диор және Мен» (2014);

4. Christian Dior, la France (2017);

5. Inside Dior(2017).

 

Автор: Мөлдір Адамжан

Суреттер: баспасөз қызметі мұрағатынан

Көбірек оқыңыз