Қазақстандық модель Дана Добринская Louis Vuitton жарнамасына түсті
Әлемдік сән сахнасында Қазақстан атын танытып жүрген модель Дана Добринская Louis Vuitton-ның зергерлік бұйымдар топтамасына арналған жаңа жарнамалық кампанияға түсті. Ол әйгілі француз бренді Louis Vuitton-ның Color Blossom Fine Jewelry коллекциясының жүзіндей болды.

Бұл — Дананың Louis Vuitton-мен екінші бірлескен жобасы. Алда жаңа түсірілімдер мен шығармашылық жоспарлар тұр. Өз қуанышын модель Threads платформасында бөлісті:
“Мен Louis Vuitton Color Blossom Fine Jewelry жарнамасына түстім. P.S. Бұл менің Louis Vuitton үшін екінші жұмысым, жақында тағы фото мен видеолар болады, сіздермен бөлісемін! Рақмет!” — деп жазды ол.
Добринская модельдік мансабын 14 жасында бастаған. 17 жасында Парижге жұмыс істеуге аттанып, бүгінде әлемдік деңгейдегі жобаларға қатысып жүр. Айта кетейік, ол — ELLE Kazakhstan журналының мұқабасына шыққан алғашқы модель.