Сән – шығармашылық пен жаңашылдықты бейнелейтін өнер
1988 жылдан бері қазақ сән индустриясыныңкөш басында жүрген Лилия Рах – осы саланың бір тірегі деуге әбден лайық. Ол әлемдік сәнді киім брендтеріне Қазақстанның есігін ашып, сәнді киім үлгілерінің қалыптасуына, сөйтіп сән индстриясының гүлденуіне ықпал етті және киім таңдауда стильдің құдіреті мен талғамның маңыздылығын түсінуге көмектесті. Лилия Рах қазақ сән өнері мен сән әлемінің жай-күйі туралы өз ойымен бөлісіп, заманауи әйел мен оны шабыттандырушы адамның бойында болуы тиіс қасиеттерге тоқталды.
Қазақ сән индустриясының жағдайы алаңдатыны рас. Сән нарығында жоғары білімі жоқ, таланты мен қабілеті төмен дизайнерлер толып кетті. Бұл осы саланың дамуына үлкен кедергі келтіреді. Сонымен қатар қажетті маталардың алуан түрлілігі жетіспейді, бұл өз кезегінде отандық брендтер топтамасында біркелкіліктің белең алуына себеп болып отыр. Жаңа идеялар мен шығармашылық жаңашылдықтың аздығы көңілді құлазытады. Осы тұста маман ретінде айтарым: дарынды жандарды қолдап, олардың кәсіби тұрғыда дамуына мүмкіндік беру өте маңызды.
Сән саласы өнер ретінде де, бизнес ретінде де қарастырылады. Шығармашылық жағынан сән саласы өзін өнер туындысы ретінде көрсете отырып, табысты бизнес те бола алады. Сән өнері мен бизнес өзара тығыз байланысты болғандықтан, екі аспекті бір-бірімен шебер үйлесім тауып, одан туған жаңа туынды коммерциялық табысты қамтамасыз ете алады. Бұл өз кезегінде өнерді бағындыра отырып, бизнесті де қатар алып жүруге тамаша мүмкіндік береді.
Заманауи әйелдің бойында болуы тиіс қасиеттерге ішкі еркіндік, ақыл-парасат, даналық, әлемге және жан-жағындағы адамдарға деген сүйіспеншілік, жанашырлық және өзара түсіністік, батылдық, ең бастысы – шыдамдылық пен сабырлық жатады. Әйелдің күш-қуаты қиын жағдайда құдіретті күш пен қорған болатын сабырға негізделген. Сыртқы дүние біздің ішкі жан-күйімізді бейнелейді деп ойлаймын, сондықтан әрқайсымыздың ішіміздегі жан-дүниемізді жайнаған нәзік гүл тәрізді үнемі күтіп ұстау өте маңызды.
Мені шабыттандыратын әйелдердің арасынан мен ішкі тірегі мықты Диана ханшайымды ерекше атап өткім келеді. Сондай-ақ, атақты Коко Шанель, Шейх Моза, Грейс Келли, Фрид Кало, Рания әл-Абдалла, Мэрил Стрип, Жорж Санд және Марлен Дитрих мені қатты шабыттандырады. Олардың бойындағы мықты ерік-жігер, сәндік стиль мен дарынды өнер бірігіп, сұлулықты паш етеді және оларды одан сайын әсерлендіре түседі. Әсіресе Гертруда Белл туралы түсірілген «Королева пустыни» фильмі өте ұнайды, онда ол өзінің ғажайып өмірбаяны және тұлға ретінде қалыптасуға ықпал еткен тамаша қасиеттерімен шабыттандырады.