Zimmermann's ұсынған Resort 2025 топтамасындағы кинематографиялық рух
Ағымдағы айдың 8-і күні бохо гламурының падишасы Zimmermann бренді Resort 2025 топтамасын ұсынды.
Zimmermann – австралиялық әйелдерге арналған киім бренді. Коллекцияларында этникалық, романтикалық, іскерлік және бохо стилі басым брендтің тарихы 1991 жылдан бастау алады. Әпкелі сіңлі Ника мен Симона негізін қалаған киімдер топтамалары бүгінде біршама сұранысқа ие. Жақында ғана ұсынылған Resort 2025 топтамасынан кинемотографиялық рухты көруге болады.
Сән көрсетілімінің бірінші образы 80-ші жылдардың стилін заманауи қалыпқа келтірген шілтерлі шолақ шалбар мен оверсайз жейдемен ерекшеленеді. Ал джинсы күртелер мен көйлектерден сол жылдардың студенттік дәуірін көруге болады. Әшекейленген мойын ойындысы бар кеудешелерді джинсы шалбармен немесе қысқа белдемшелермен үйлестіруге болады.
«Біз винтажды дүкендерді аралай келе, ескі мен жаңаны, ерлер мен әйелдер киімдерін біріктірген дизайндағы образдар жасадық. Осы маусымда Вайнона Райдер, Лизе Боне және Молли Рингуолд сынды актрисалар ойнаған фильмдердің стилін алып, оларды заманауи топтамаға үйлестіруге тырыстық», - дейді көркемдік жетекші Никки Циммерманн.