22 тамыз - Дінмұхамед Қонаевты еске алу күні

Осыдан 29 жыл бұрын, 1993 жылдың 22 тамызында 1960-1962 және 1964-1986 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаев өмірден өтті. Оның парасатты ел басқаруы Қазақстанға керемет нәтижелер әкелді: экономика мен мәдениеттің қарқынды өсуі, Алматының ең танымал көрікті жерлерінің құрылысы және т.б. Қазақстан тұрғындары Қонаевты әлі күнге дейін шынайы ризашылықпен еске алады.

kunaev3jpg 

Қонаевтың билік еткен жылдары - біздің еліміздің тарихындағы бірегей кезең. Ел басқарған 24 жыл ішінде (үзіліспен) Қазақстан үнемі дамып отырды, тұтас республика көлемінде тоқыраушылық болған емес. Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 9 есе, құрылыс – 8 есе, ауыл шаруашылығы – 6 есеге өсті. Республикамыз отын-энергетика өнеркәсібінің ірі орталығына айналды.

1955–1985 жылдар аралығында Алматыда КСРО және ҚазКСР мемлекеттік сыйлықтарына ие болған құрылыс нысандары, абаттандырылған көшелер, алаңдар, скверлер, әсем үйлер мен әдемі әкімшілік ғимараттар пайда болды, ең үлкен алаңдарда ескерткіштер орнатылды.

Мемлекеттік өнер мұражайы, Қастеев атындағы Спорт сарайы. ҚазКСР Мемлекеттік мұражайы, ҚазКСР Үкімет үйі, Орталық кітапхана, Орталық стадион, Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры, Мемлекеттік цирк, 28 гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақ, Көк базар, «Арасан» моншасы, Шоқан Уәлихановтың ескерткіші, Абай ескерткіші, «Қазақстан» қонақ үйі, Оқушылар сарайы, «Медеу» селге қарсы бөгеті, «Медеу» биік таулы мұз айдыны, Алматы әуежайы, ҚазССР Ғылым академиясы, «Көктөбе» телемұнарасы.

kunaev1png  

 Дінмұхамед Қонаевтың  халқына қызметі туралы не айтқан?     

"Мен әрқашан өз халқыма адал қызмет еттім және өмірімнің соңына дейін қызмет етемін".

"Қазақтар «Егер адам туыстарын білмесе, ол ата-бабаларын да білмейді» дейді. Біздің халқымыздың бірегей ерекшелігі – халқымыз ата-бабаларын ешқандай жазбасыз-ақ жеті атасына дейін жатқа біледі. Әр адам өзінің ата тегін білуі керек".

Ал Қонаев туралы замандастары да айтқан.

Бауыржан Момышұлы (Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы): «мен өз халқыммен, оның лайықты ұлымен мақтанамын... – бұл тарихи факт...»

Мұхтар Әуезов (қазақтың ұлы жазушысы, ғалым): «Димаштың тағдыры қазақ халқының мақтанышы болуы тиіс, Алла тағала біз өзі сақтасын».

Ілияс Есенберлин (жазушы, тарихи романшы, «Көшпенділер» трилогиясының авторы): «көрнекті адамдар не бақыт үшін, не өз халқының қайғысы үшін туады" – дейді халық даналығы. Димаш Ахметұлы ерекше жолмен халықының бақыты үшін туған, ол біздің әрқайсымыз үшін қымбат»: 

2022 жылы Дінмұхамед Қонаевтың құрметіне Алматы облысындағы Қапшағай қаласы аталды, ал Таразда оның құрметіне ескерткіш ашылды.

 

Автор: Игорь Топорков                                                                                          Аударған: Мөлдір Адамжан                                                                                      Фото: баспасөз қызметтерінің мұрағаты

Көбірек оқыңыз