95 жастағы вокал ханшайымы – Бибігүл Ахметқызы Төлегенова
«Қазақстанның түкпір-түкпірінен таланттарды іздеп жүргенде, бізге Бибігүлдің өзі келді!», - дейді Ахмет Жұбанов
Бибігүл Төлегенова – қазақтың аты аңызға айналған күміс көмей, жез таңдай әншісі. Таланты мен халық әндерін шебер орындаушылық қабілеттері оны көпшіліктің құрметіне бөледі. Оның кәсіби музыкалық үлесі Қазақстанның мәдени мұрасы үшін маңызды. Ғасырға жуық өмір тарихы бар бірегей әйел туралы фактілерді ұсынамыз:
1. Әншінің негізгі тегі Байгунусова болуы керек еді. Оның әкесі мен әкесінің інісі жетім қалғанда Нәби есімді отбасылы адам оларды қамқорлыққа алып, Төлегенова тегін береді.
2. Бала кезінен әкесі скрипкада, ал әкесінің ағасы баянда ойнағанда, өзі ән айтқанды ұнататын.
3. Жазушы Галина Серябрякова жас әншіні алғаш байқап, Төлегеноваға ән айтуды үйретіп, белсенді түрде оқытады.
4. Соғыс кезінде Бибігүл Төлегенованың отбасы сіңлісінен айырылды. Ол сіңлісі Клараны он үш жасында өз қолымен жерлеген.
5. Ахмет Жубанов Бибігүлдің өнерін бағалап, оқуға итермелеген жалғыз ер адам. Ол Бибігүл Төлегенованың шығармашылық жолына орасан зор үлес қосты.
6.Бірнеше кинофильмдерге түскен: «Дала қызы» (1954), «Это было в Шугле» (1955), «Біздің қымбатты дәрігер» (1957), «Тақиялы періште» (1968), «Храни свою звезду» (1975), «Вокалдық параллельдер» (2005), «Балалық шағымның аспаны», «Алдар Көсе» (2011)
7. Тамаққа келгенде жеңіл, көкөністен жасалған тағамдарды жақсы көреді. Тағам түрлерін таңдағандай, Бибігүл Ахметқызы косметикалық күтімдегі қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Мысалы, ұзақ уақыт бойы тек балаларға арналған кремді қолданып, сахнадан тыс опа-далап жақпаған.