Ата-ана жолымен

Досбаевтар дәрігерлер әулетінің төрт өкілдерінің ординаторлар бөліміндегі, науқастарды қабылдаудағы, кафедрада студенттер алдындағы ақ халатта өткізген барлық жылдарын санға ауыстырсақ, жалпы жинағы 100 жылдан артық адамдарға қызмет еткендерін көруге болады.

Әулеттің негізін қалаушы – осы атақты Жеңіс Аширович Досбаевқа беруге болады. 1964 жылы Алматы облысы Кеген ауданы Бестөбе ауылынан шыққан жас жігіт жан қалауымен Алматыны бағындыруға кетті. Алматы медициналық институты (қазірде – Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медициналық институты) ол үшін 8 жылға альма-матер болды. 1972 жылы ол дәрігердің ардақты қызыл дипломын алды. Алғашқы жұмыс орны – Талғар орталық аудандық поликлиникасы болды, әрі қарай ауыл дәрігерінің оңай емес тірлігі өтіп жатты. Кейін тәжірибесімен бөлісіп Талғар медициналық мекемесінде оқытушы болу ұсынысы түседі. 1999 жылы осы оқу орнын басқара отырып, 15 жыл бойы оның директоры болған. Бүгінде де бос отырмайды: ол – жеке медициналық колледж құрылтайшысы.

Жеңіс Аширович жар ретінде Лейла Кудусова Купидинованы таңдады – ол да Алматы мединститутының түлегі. Оқу орнын аяқтағаннан кейін Алматының №12 клиникалық ауруханасында терапевт болып жұмыс атқарған, кейін терапия негізін Талғар медициналық колледжі студенттеріне оқыта бастады.

Қыздары – Диляра және Диана да – ата-анасының жолымен жүргендері таң қаларлық емес. Диляраның дәрігер-стоматолог ретіндегі өтілі мерейтойлы санға – 20- ға жетіп қалды. Ал Диана отбасылары үшін әйгілі Асфендияров атындағы КазНМУ қабырғасында оқуы барысында – кардиология саласында мамандандырылуды шешкен, докторлық диссертация қорғаған. Әулеттің жалғастырушысы Диана үшін алғашқы жұмыс орны – Талғар Орталық аудандық ауруханасындағы кабинет болды. Диляра үшін де, Диана үшін де жергілікті тұрғындардан алғыс сөздер есту екі есе жағымды: «Бұл Жеңіс және Лейланың қызы гой ...»

Жан туысытығы бір мамандықты ұстанумен ғана емес, сондай-ақ өзара араласу, қызығушылық, достық, отбасылық бос уақытта көрініс табады.

Досбаевтар тағдырының сызығы, әулет – бұл қандас және бір мамандықты таңдаған адамдардың бір-бірінің алдындағы үлкен жауапкершілік екенін көрсетеді. Ал медициналық әулет – бұл көмекке мұқтаж мыңдаған адамдар алдындағы жауапкершілік.

Автор: Ляззат Сералина

Фото: Даулет Кажкенов @dan_smat

 

Көбірек оқыңыз