Аты аңызға айналған Массагет патшайымы Томирис

  Тарих аты аңызға айналған нәзік, әрі беделді Ұлы билеуші әйелдердің есімдерімен бай. Олардың қатарында қолбасшы, батыр Томирис патшайымның есімі кең тараған.

    Томирис... Аты аңызға айналған Ұлы тарихи тұлға. Жеңілмейтін парсы патшасы Кир II басын алып, әскерін жеңген Томирис шын мәнісінде кім және қандай болған? Осы жайында мақаламызда оқып білетін боласыздар

    Томирис: Тұмар ханым Тәңірқызы. Кейбір зерттеушілер Томирис атауын гректердің өз тіліне аударған атау екенін алға тартады. Олардың айтуынша бұл әйелдің аты Тұмар ханым Тәңірқызы болған. Бұл сөздер түркі тума тіркесінен «туған жер» және «аспан ханшайымы» мағынасын береді.

     Атақты Массагет патшайымы Томирис б.з.б VI ғасырда өмір сүрген. Тарих беттерінен сақталып жеткен оның есімі бүгінгі күнде танымал.Томирис патшайымның бейнесі көптеген өнер туындыларында жанары өткір, табиғатынан қараторы сұлу әйел ретінде сақталған. Әкесі әйгілі скиф патшасы Спаргапис қызын жас мұрагер ретінде тәрбиелеп, оның әскери істерге және саясатқа деген қызығушылығын оятты. Батыл шешімдерімен ерекшеленген қызы үшін ол дана тәлімгер бола білді. Томиристің ер жүрек батырлығы мен қайсарлық мінезі нағыз сақ қызына тән еді. Ол бала кезінен қылыш сыңғырының астында, жылқының жалында өскен. Сақ патшайымы бес жасында ең асау аттарға қорықпай мініп, алты жасында қолына ақинақ семсер алып, он үш жасында қылыш пен найзамен айқасудың елге танылған шебері болған. Массагет патшайымының дәл осы бейнесі дала көшпенділерінің «классикалық» үлгісіне айналды.

   Тарихы терең Томирис патшайым туралы киножобалар мен әдеби шығармалардың саны көп.  Соның ішінде үздік деп танылған 2019 жылдың қыркүйек айында жарыққа шыққан Ақан Сатаевтың тарихи драмасын айтуға болады. Фильмнің басты жетістігі актерлердің дұрыс таңдалуы. Томирис рөлін сомдаған актриса Альмира Тұрсынның кино әлеміндегі алғашқы ірі қадамы ретінде саналады.Ал фильмнің жалпы бюджетін нақтылай келе 2 млрд 259 млн теңге жұмсалғаны туралы ҚР Мәдениет және спорт вице министрі Нұрғиса Дәуішев айтты. Фильмнің бас продюсері және идея авторы - Әлия Назарбаева. 2,5 сағаттық фильмнің түсірілім жұмысы 93 күнге созылған. Тарихқа үңіле білген кинокартина жалпы көпшіліктің көңілінен шықты деуге болады. Томирис туралы түсірілген отандық фильмді тамашалау үшін мына сілтемеге өтуді ұсынамыз.

Томирис тарих мақтанышы. Адай руынан шыққан даңқты қолбасшы әйел Тұмар Тәңірқызы Сыр елінде Каспий мен Арал теңізінің жағасында тұрған.

 

  Автор: Айнұр Қожахмет

 

 

 

Көбірек оқыңыз