Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығы
12 қаңтарда көрнекті мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев 110 жасқа толар еді. Museofnomad редакциясы Қонаевтың өз халқы туралы қанатты сөздері мен ол туралы саясаткерлер мен жазушылардың пікірін назарларыңызға ұсынады.
Дінмұхамед Қонаев – Кеңестік Қазақстан экономикасының дамуына зор үлес қосқан мемлекет қайраткері. Ол 1912 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Тарихқа ірі мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақстан Ғылым Академиясының президенті ретінде енген ұлы тұлға.
Өз халқы туралы қанатты сөздері:
- Мен әрқашан өз халқыма адал қызмет еттім және өмірімнің соңына дейін қызмет етемін.
- Қазақтар «егер жақындарын білмесе, ата-бабаларын да білмейді» дейді. Біздің халқымыздың бірегей ерекшелігі – біздің халқымыз ата-бабаларын ешқандай жазбасыз-ақ жеті атасын жатқа біледі. Гендік қоры таза адамның денесі, тілі және діні де сау болады.
- Тексіздік тілсіздіктен басталады. Анасыз бала жетім, бұл да дәл сондай жағдай
- Мен бүгін діни мерекелер-халықтың рухани жетілуінің құрамдас бөлігі екендігін мойындаймын.
- Соңғы жылдары керемет мереке – Әз-Наурыз қайта жанданын келеді. Менің бір ғана түсіне алмайтыным неліктен ұзақ уақыт бойы республикамызда әр облыс, аудан, жеке ұйымдар әртүрлі уақытта тойлайды, ал Орталық Азия республикаларының халықтары бір күнде атап өтті?
- Әр адам өзінің ата тегін білуі керек.
Қонаев туралы ойлар:
Бауыржан Момышұлы (Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, жазушы): «мен өз халқыммен, оның лайықты ұлымен мақтанамын... – бұл тарихи факт...»
Леонид Брежнев (КСРО-ның 5-ші басшысы, Кеңес Одағы Компартиясы ОК-нің бұрынғы Бас хатшысы): «Қазақстан Компартиясы ОК-нің партиялық жұмысы мен шаруашылық қызметіне шебер жасалған басшылық пен Димаш Ахметұлы Қонаевтың жеке өзін атап өту өте қуанышты"
Мұхтар Әуезов (қазақтың ұлы жазушысы, ғалым): «Димаштың тағдыры қазақ халқының мақтанышы болуы тиіс, Алла тағала біз өзі сақтасын».
Дуайт Эйзенхауэр (АҚШ-тың 34-ші Президенті, армия генералы, Екінші дүниежүзілік соғыс батыры): «бұл терең ойлы саясаткер, халық даналығын толық меңгерген адам, Кеңес Одағындағы сирек кездесетін тұлға»
Эдуард Шеварнадзе (Грузия Президенті (1993-2005), КСРО-ның соңғы Сыртқы істер министрі): «Қонаев академик емес пе, ол кез келген мәселені кеңінен, әрі тереңінен түсінді. Өз халқыммен әрқашан ортақ тіл табыса біледі»
Джавахарлал Неру (ХХ ғасырдың көрнекті саяси қайраткері, Үндістанның бірінші Премьер-Министрі): «жомарт, мейірімді қазақ халқының ұлы болудан артық бақыт жоқ шығар. Елдің өткенін еске алатын және өз халқының болашағы үшін жанқиярлықпен жұмыс істейтін ұлы бар халық та бақытты. Бұл адам – Дінмұхаммед Қонаев»
Нұрсұлтан Назарбаев (Қазақстанның Тұңғыш Президенті): «Дінмұхамед Ахметұлының ішкі мәдениеті, білімі мен мол тәжірибесі ерекше болды. Ол халқымыздың, сол кездегі қазақ зиялыларының ең жақсы қасиеттерін бойына сіңірді»
Олжас Сүлейменов (Ақын, "Невада-Семей "антиядролық қозғалысының жетекшісі): «XX ғасырда бізге «ұлы» деген анықтамаға сай адамдармен кездесу сәті түсті. Солардың бірі Қонаевты еш күмәнсіз атай аламын»
Ілияс Есенберлин (жазушы, тарихи романшы, «Көшпенділер» трилогиясының авторы): «көрнекті адамдар не бақыт үшін, не өз халқының қайғысы үшін туады" – дейді халық даналығы. Димаш Ахметұлы ерекше жолмен халықының бақыты үшін туған, ол біздің әрқайсымыз үшін қымбат»
Дереккөз: Д. А. Қонаевтың ресми сайты http://kunayev.kz/
Аударған: Мөлдір Адамжан
Фото: баспасөз қызметі мұрағаттарынан