Есік ашар дәстүрі
Көшпелі халықтың дәстүрлері мен салттары бай әрі алуан түрлі, әрқайсысының өзіне тән мәні мен тәрбиелік ықпалы бар. Бұл тұрғыда отбасылық дәстүрлердің ерекше орны бар. Соның бірі — неке қиғаннан кейінгі "есік ашар" рәсімі.
Есік ашар — күйеу жігіттің қайын жұртына алғаш барған кездегі рәсім. Оның басты мақсаты — отбасына жаңадан қосылған мүшенің жаңа ортаға бейімделуіне көмектесу. Бұл дәстүр арқылы күйеу жігіт қайын жұртымен танысып, араласа бастайды.
Қалыңмалдың бір бөлігінің берілуінен кейін қыз жақ күйеу балаға есік көруге рұқсат береді. Көшпелі халықтың мәдениетіндн күйеу жігіттің күндізгі уақытта келуі әдепсіздік болып саналған. Сондықтан ол кешкі уақытта, "күйеу келетін уақытта" барып, дәстүрді орындайды. Есік ашар рәсімі атқарылғаннан кейін күйеу жігіт қыз ауылына еркін келіп-кетуіне мүмкіндік алады.
Кейбір өңірлерде қалыңдық пен күйеу жігіт некесі қиылғаннан кейін бірден қайын атасына барып, кәде-сый жасайды. Есік ашар кәдесіне көбінесе жақсы ат немесе түйе тарту етеді.
Күйеу жігіт босағаға оң аяғымен кіріп, қайын жұртымен амандасады. Амандасқаннан кейін, қалыңдықтың анасы оған сүт ұсынып, күйеу бала сүтті ішкен соң енесіне сый тарту етеді.
Ұзатылған қыздың тұңғыш баласы дүниеге келгенде немесе күйеуге шыққанына бір жыл толған соң, төркіндеп келу дәстүрі орындалады. Бұл дәстүр де "есік ашар" деп аталады. Арал және Қазалы өңірінде бұл салт құдалардың келісіміне сай жүзеге асырылады.
Тұрмыс жағдайы жақсы адамдар үш тоғызымен, сойыс малымен және басқа жосын-жоралғылармен қайтарады. Бұл дәстүр қазақ халқының адамгершілік құндылықтарын, сыйластық пен туыстық қатынастарды нығайтудағы маңызды рөлін көрсетеді.
Есік ашар дәстүрі қазақ қоғамында отбасылық байланыстарды бекітіп, бірлік пен ынтымақтастықты арттыруға зор әсер етеді.