Итальяндық бешбармақ

  Меніңше, Италия қазақтардың жанына ерекше жақын! Бұл елде де ет тағамдарын айрықша бағалайды және дәмділеп, әрі тойып тамақтанғанды ұнатады.

Мен сіздерге жүздеген жылдар бойы ежелгі технологиямен өндірілетін, қызыл шеңбердегі қара әтештің силуэті бейнеленген аттас шарабымен  ғана танылмаған кішкентай Кьянти қаласы  туралы айтып бермекшімін.

Бұл қалада әлемге әйгілі қасапшы (сегізінші ұрпаққа жалғасқан) Дарио Чеккини тұрады. Оны әлемге әйгілі еткен – кьянина тұқымының сиыр етінен жасалған әйгілі флоренциялық стейк.

Қасапхана жанында мейрамхана орналасқан. Бір ескеретіні – мұнда орынды алдын ала броньдау керек. Чеккинидің басты ұраны: «Сиырды мұрнынан құйрығына дейін түгелдей жеуге болады, тек оны дұрыс дайындау керек!». Мейрамханадан түскі ас ішкенімізде, оған біздің де көзіміз жетті. Біз ешқашан мұндай көп ет жеген емеспіз! Қарапайым түскі ас сияқты көрінгенімен, мәзірге түгелдей тапсырыс бергендей болдық! Ет залдың ортасындағы үлкен үстелде арнайы кесіледі. Барлығы біздің көз алдымызда дайындалады. Көкөніс тағамдарына да ерекше назар аударылады. Бақша көкөністері – сәбіз, балдыркөк және аскөк – зәйтүн майына батырылады, арнайы тұз қосылып (Дарионың авторлық тұзы), шөптермен араластырылады.

Бірақ негізгі тағам ет болып қала береді. Өздеріңіз білетіндей, Итальяндықтар пастаны ерекше жақсы көреді. Дегенмен бұл негізгі тағам емес. Тек үлкен астың алдында берілетін жеңіл тіскебасар. Олар пастаны күн сайын жейді.

Біздің ұлттық тағамымыз бешбармақ – бұл пастаның көбірек ет қосылған түрі ғой! Сондықтан біз өзімізді сәл-пәл итальяндықтарға ұқсата аламыз. Ал итальяндықтар өздерін қазақтардың туысы деп санай алады.

 

Автор: Малика Байдаулетова, @m_baidauletova

Көбірек оқыңыз