Көшпенділер даналығы

Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мол мұраға айналған әдет-ғұрыптар ата-бабаларымыздың  қыңырлығынан немесе зеріккендіктерінен пайда болған жоқ. Ежелден келе жатқан салт-дәсүрлердің әрқайсысының өзіне тән тағылымы мен мән-мағынасы бар екенін естен шығармаған жөн.

Мысал ретінде адамның ойы өмірін өрнектейтінін, түп санамен байланыстың қаншалықты маңызды екенін жеткізетін заманауи ілімді алайық. Позитивті ойлау – жеке тұлға ретінде даму үшін ең қажетті қуатты құрал. Қазіргі таңда семинарлар мен вебинарларда, жеке даму, өсу тақырыбындағы кітаптарда осы әдісті қолдануды үйретеді. Өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған бұл тұжырымдама тәжірибеде ойдың күш-қуатын қолданатын әрбір адам (материалдық емес, ментальды) имидж тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар жеке жетілу жағынан да шынымен де нәтижеге жетіп, кемел бола алатындығын көрсетеді. «Позитивті ойлау» Мартин Селигман мен Майкл Фордстың (19702010 жж.) «позитивті психологиясынан» айтарлықтай ерекшеленеді.

«Позитивті ойлау» ұғымы мен әдісі XIX ғасырдан бастау алады, ал қазіргі кітаптардан позитивті ойлау тұжырымдамасының негізін қалаушы теоретиктер мен практиктердің дәйексөздерін табуға болады. Бір қызығы, өткен ғасырларда пайда болған «позитивті ойлау» өрнегінің мағынасы қазіргі таңдағы ең тиімді және өзекті «саналы ойлау» ұғымына сәйкес келеді. Олардың екеуі де сыртқы жағдайларға қарамастан, адам өз ойларын үнемі бақылауда ұстап, аффримация мен визуализация арқылы оларды дұрыс бағытқа бағыттауды ұсынады. Осылайша уақыт өте келе (сиқырлы таяқшаның көмегінсіз) ақыл-ой бейнелерімен үнемі жұмыс жасау арқылы алдымен ақыл-ойдың қанағаттануы мен жайлылығына, сенімділікке қол жеткізеді. Содан кейін қайтадан асықпай, біртіндеп адам өзінің мақсаттарын шындыққа айналдыра бастайды, өзінің потенциалын арттырып,  ең қажетті оң өзгерістерді жүзеге асырады.

Басқаша айтқанда, позитивті оулаудың жақтастары өз ойлары мен әрбір айтылған сөздердің күшіне, арман-тілектің орындалуына сенеді. Яғни, олардың айтуынша, адамның өмірінде орын алып жатқанның барлығы – түпсанасындағы ойларының нәтижесі. «Менің түпсанам – жетістікке жетудегі серіктесім», – деп жазады «Түйсігіңмен ойлай біл» бестселлерінің авторы Джон Кехо. Оның айтуынша, дұрыс және көңілді өмір сүру үшін, алдымен өз ойларыңызды бақылап, оларды басқаруды үйрену керек, яғни ойларды соған сәйкес бағыттау керек.

Мысалы, «Жақсыны асырып, жаманды жасырып» немесе «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Жақсы туса елдің ырысы, жаңбыр жауса жердің ырысы», «Өнер ауысады, ырыс жұғысады» сияқты халқымыздың мағыналы сөздерін еске түсірейік. Тізімді әлі де жалғастыруға болады. Қазақ халқы сөздің қадір-қасиетін қаншалықты түсінгенін, оған қандай үлкен мән бергенін осыдан-ақ білуге болады. Бір ғана «Жақсы сөз – жарым ырыс» тіркесінің өзі сөздің құнын, қасиетін айқын көрсетеді.

Қыз ұзату кезіндегі жоралғылардың мәнін ашып көрейік. Қазақ қыздарын ата-аналары үйінен үкілеп, ұзатып шығарып салады. Дәстүр бойынша қыз бала түнгі сағат 12-ге дейін болашақ үйінен аттанып үлгеруі керек. Үлкен тойдан кейін жерге ұзын «Ақ жол» деп жазылған ақ мата төселеді. «Ақ жол» айналасына туған-туыстар жиналады, ата-аналар мен әжелер жолдың басында тұрады. Әулеттің ақсақалы бата береді. Қызын құшағына қысып, қимастықпен айтатын соңғы сөзі: «Артыңа қарама». Яғни, ата-анасы мен жақындарына бұрылып қарамау. Ақ матадан жасалған жолдан өтіп бара жатқан қыз күйеу жігіт пен қайын жұрты алдынан күтіп тұрған кезде артына бұрылмауы керек. Өзінің жаңа отбасына тастай батып, балдай сіңсін деген ниетпен айтылады. Бір жағынан бұл қыз баланың қайтып келмеуі үшін, екі жастың ажыраспауы үшін де айтылады. Бұл дәстүр нені білдіреді? Күлкілі, абсурдтық сенім болып көрінетін сияқты.

Бірақ егер сіз осы дәстүрді терең талдайтын болсаңыз, ата-аналар баласын қазіргі сәтпен өмір сүруге, артқа қарамауға, жаңа өмірін өткенімен салыстырмауға және алдағы өмірін қабылдауға қалай бейімдейтінін көре аласыз. Шынында да, отбасылық өмірде оған өзінен басқа ешкім көмектесе алмайды. Өзін-өзі бақылау қаншалықты маңызды болғанымен, барлық адамдардың қолынан келмейді. Көптеген адамдар өткенімен өмір сүріп, естеліктерді жібере алмайды. Осылайша олар өткен оқиғалар ағынына байланып, оның бәрі өмірінің жаңа кезеңіне тосқауыл болады. Ештеңеге қарамастан алға қадам жасау, артқа қарамастан жаңа өмірге ұмтылу қағидасы өмірдің барлық саласында жұмыс істейді. Біз өз өміріміздің авторымыз. Орын алып жатқан кез келген жағдайға басқа жағынан қарап, жағдайды өзгерте аламыз. Бұл туралы позитивті ойлау, психосоматика, фэн-шуй, тіпті әлемнің барлық діндері де айтуда.

Тағы бір мысал: Мүшел жас, 12 жылдық цикл бойынша адамның жасын есептеу (бірінші цикл бала 13 жасқа толағанда – 13, содан кейін 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97 жыл. Бір қызығы қытай жұлдыз жорамалы әр 12 жыл сайын қайталанады). Қазақ ырымына сай, әр 12 жыл сайын адам өз мүшел жасында киім-кешегін, соның ішінде өзінің сүйікті заттарын тарату дәстүрге айналған. Бірде мен тілектерді орындау марафонына қатыстым, біздің коуч позитивті ойлаудың, психологияның білгірі болды. Сондай-ақ ол Тони Роббинс, Джон Кехо сияқты бірқатар атақты адамдардан білім алған. Біздің марафонды бастамас бұрын оның не істегенін білесіз бе? Ол үйдің әр бөлмесінен 50–60 знәрестенің анасына «қалжа» беру әдетке айналған. Жас ананы қойдың асылған мойын етімен тамақтандырады. Ол өз кезегінде мойын сүйегін сындырып алмай, мұқият мүжиді. Еттен тазарған жұлынды тік таяқшаға кигізіп, баланың мойны тез қатайсын деген ырыммен керегенің басына ілген. Бұл да күлкілі болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл рәсіммен біз баланың мойнын ақыл-оймен нығайтамыз, осылайша баламызға тез дамуға мүмкіндік береміз. Мұндай мысалдар тым көп, олардың бәрін бірдей қамту мүмкін емес, бірақ әрқайсысының мағынасы мен маңызы туралы ойлануымыз қажет.

Бүгінгі таңда медитация, аффримация, позитивті ойлау әдістері мен психосоматика осындай рәсімдерді белсенді түрде толықтыруда. Бүгінде біз әртүрлі тренингтерге қатысып, көптеген мотивациялық кітаптарды оқысақ, ата-бабаларымыз жай ғана табиғатпен үйлесімде өмір сүріп, ғаламның күшіне және өздеріне сенген.

 

  1. Абай Құнанбаев. Қара сөздер. https://abai.kz/post/6https://ru.wikipedia.org/wiki/Позитивное_мышление
  2. Джон Кехо. Подсознание может все. https://mybook.ru/author/dzhon-keho/podsoznanie-mozhet-vsyo/read/?page=6
  3. https://sozdik.kz/ru/dictionary/translate/kk/ru/мүшел/

 

Автор: Мадина Курбаналиева, @madina_kurbanali

Аударған: Мөлдір Адамжан

Фото: из архива галереи ANTIKA

Көбірек оқыңыз