Көшпенділер музасы

Әр алыптың артында дана әйел тұрады. Жолдасы халқының ұлы ретінде мойнына көтерген жауапкершілігін сүйіктісі де теңдей бөліседі. Мұндай әйел қандай қасиеттерге ие?

as2jpg 

Аспет Омарқызының өміріндегі негізгі ісі – шаңырағына жылулық пен жайлылық жасай отырып, барлығына қамқорлық көрсетіп, махаббатына бөлеу. Шабыттандырушы, сырлас дос, кеңесші. Асыл ана, аяулы жар ретінде келіндік қызметін де абыроймен орындай білген оның өмір жолы көпке үлгі-өнеге. Ерінің биіктен көрінуі үшін шаңырағын шаттыққа бөлей білген. Елінің құрметті азаматы бола білген күйеуімен жарты ғасырға жуық махаббат пен сыйластықта өмір сүрді. Төрт бала тәрбиелеп, өз саласының еңбексүйгіш мамандарын қалыптастырды. Аспет ханым жас кезінде-ақ әкесі «күйеуіңмен тайталасып жұмыс істемейсің» деп ашық айтқан сөзін кейде есіне алады. 

Тұрмысқа шыққаннан кейін ол мектеп мұғалімі болып жұмыс істейді, бірде оған оқу ісінің меңгерушісі қызметін ұсынды. Өзі іштей келісіп қойғанымен, ата-анасымен ақылдаспақ болады. «Ас ішіп отырғанымызда әкем: «Қазанға қанша бас сыяды?» деп сұрақ қойды. Мен сөздің төркінін бірден түсінбедім. Сол кезде анам шыдамай күліп жіберді. «Мына қыз бастық боламын деп отыр» деді әкем, анама қаратып айтқандай болып. «Бір қазанға екі бас сыймайды!» деді де, екінші рет біз бұл тақырыпқа оралмадық. Мен әлі күнге дейін әкемнің сол кездегі шешіміне қуанамын. Бұл менің әкемнің тапқырлығы емес, ақылдылығы», – дейді Аспет Омарқызы. 

Ата-анасы қыздары тұрмыс құрғаннан кейін күйеуінің көмекшісі әрі серігі болуына көмектесетін қасиеттерді барынша бойына сіңіруге тырысқан. Анасы «қайда қонаққа барсаң да, жолдасың туралы тек қана жақсы сөз айт» дейтін. Тіпті жаңа көйлек алып кисең де, «күйеуімнің арқасы» деп, оның ер азамат ретінде мысын жоғарылатып, өз-өзіне деген сенімділігін арттыр дейтін. 

asjpg (1) 

Аспет Омарқызы жолдасы Бақытпен студенттік шағында танысқан. Бойжеткеннің көз тоймас сұлулығы мен әдептілігі талайды тамсандырып, қалаулы қалыңдықтың бірі болды. Бақыт – қарапайым отбасынан шыққан, ынталы студент. Олар институтты аяқтаған соң, шаңырақ көтеретін болып келіседі. Күйеуі бір  курс төмен оқитын, Аспет диплом алғаннан кейін оны алып қашып кетеді. «Генералдың әйелі болу үшін, лейтенантқа тұрмысқа шығуыңыз керек, ал лейтенанттың әйелі болу үшін, курсантты жақсы көруіңіз керек» – бұл сөз тікелей өзіне айтылғандай. Басшының жұбайы болу – оңай міндет емес. Қызметтік борышын өтеу үшін, қаншама рет тұрғылықты жерін ауыстыруға тура келді, ал әйелі әрқашан қасында болып, қолдау көрсетті. Бақыт аға тәжірибелі басшы болды, оны агроөнеркәсіп саласын дамыту қажет аудандарға жолдамамен жіберетін. Сол күндері оның отбасы қазақ халқына үйреншікті, көшпелі өмірдің барлық кереметтерін бастан өткерді. Қызметі өскен сайын Бақыт аға әйеліне қиынырақ болатынын түсінді: күйеуінің жауапкершілігі артқан сайын, әйелінікі одан да жоғарылайды. Ол бәріне уақыт табуы керек: үйі де, өзі де үнемі жинақы болуы керек, күйеуін әрқашан шабыттандырып, көңіл-күйін көтеруі керек. Әйел адам жанұясының шаттығын сақтап, өмірде келісім мен сыйластықта болу үшін құрбандыққа баруы керек. Осы жолда Аспет Омарқызы мансабын құрбан етуге мәжбүр болған,  бірақ ол үшін мүлдем өкінбейді.

Аспет Омарқызы үйде мерекелік көңіл-күй орнатып, ер азаматына үнемі қамқорлық танытатын, үйден жұмысқа қарай бет алған кезінде тек күлімдеп шығарып салатын. Отбасылық мәселелер ол үйге қайтып келген соң ғана талқыланатын. 

Қазір өткенімізге көз жүгіртіп қарасам, бізді алға қарай жетелеген, жығылсақ та, қайта тұруға көмектескен – бір-бірімізге деген ұлы сезіміміз екен. Өмірдің ащысына да, тәттісіне де көнуге көмектескен – осы махаббат. Біздің бір-бірімізге дауыс көтеріп, жанжалдасқан кезіміз болмаған. Арадағы сезімге ғана емес, ең әуелі сыйластыққа адал болдық. Соны көріп өскен балаларым да бүгінде бір-бір үйдің отағасы ретінде жауапкершілік алып, абыроймен атқарып отыр. 

Сүйікті жары қайтыс болғаннан кейін де Аспет Омарқызы балаларын, немерелерін, шөберелерін бір дастархан басына жинауды жалғастыруда. Әрбір кездесуді қымбатты күйеуін еске алуға арнап, балалар мерекелерін ұйымдастырып, естеліктерімен қуана бөліседі. 

Бүгінде 75 жастан асқан Аспет Омарқызы мықты тұлға болып қала береді. Ол өзінің нәзіктігін, сұлулығын, жүзіндегі жарықты жоғалтпай, төзімділігі мен шыдамдылығын сақтап қалды. Аспет Омарқызы – балалары мен немерелерінің музасы. Олар аналарына мейірімі мен даналығы үшін ризашылық білдіріп, шабыттандырып, жай ғана жақсы көреді. Олардың бала кезінен алған тәрбиелері бүгінде өз жемісін беруде. Балалары қазақ қоғамның игілігі үшін еңбек етуде. Отбасы көшпелі мәдениеттен бастау алатын ең мықты қазақы дәстүрлерде тәрбиеленген. 

 

Автор: Надежда Сергеева

Фотограф: Даулет Кажкенов, @dan_smat

Көбірек оқыңыз