Наурызда жауған қар туралы не білесіз?

Наурызша – бұл наурыз айының басында жауатын алғашқы жұқа қар. Бұл қар қырбақ, яғни қарайған жердің бетін толықтай жап-пайды. Наурызша күн ашық, ауа-райы жылы кезде жауып, тез еріп кетеді. Қардың бөлшектері ою-өрнекке ұқсас болып түседі. Қазақ халқы оны табиғаттың жаңаруының, көктемнің жақындауының белгісі деп есептеген.

Наурызшадан бөлек, «наурыздың ақша қары» да бар – наурыз бойы жауатын жеңіл, ақ ұлпа қар. Бұл қар жұқа болғанымен, күн көзіне шағылысып, ерекше жарқырап тұрады.

Қазақ халқы наурызда қар жауса, жыл жақсы, астық мол болады деп болжаған. Себебі, бұл айда жауған қар жерге қажетті ылғал беріп, өсімдіктердің ерте көктеуіне ықпал етеді.

Қазақ аңыздары мен жырларында қыз бала-сының сұлулығын көбіне наурыздың ақша қарына теңеген:

«Қыз Жібектің ақтығы

Наурыздың ақша қарындай,

Ақ бетінің қызылы

Ақ тауықтың қанындай»

Жібектің сұлулығын қаңтар не ақпанда жауған қармен емес, дәл наурызда жауған қармен теңеуі бекер емес. Әсемдік пен нәзіктікті көрсететін бұл ерекше қар – көктемнің ең көркем құбылыстарының бірі.

наным-сенім
Көбірек оқыңыз