Наурызкөженің пайдасы
Наурызкөже- әз-Наурыз мейрамында жасалатын ұлттық тағам әрі бойға нәр беретін сусын. Ұлы тойдың төл тағамы Наурызкөженің әрбір ингредиентінің құрамында күш беретін қуат бар.
Құрамы жеті ингредиенттен тұратын бұл тағамның жасалуы әр аймақта әртүрлі.
Неліктен жеті түрлі дәм қосылған?
Түркі халықтарының санасында жеті саны киелі саналғандықтан, Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылған.
Су. Болашақта қайнаған судай дәулетті ұрпақ болсын деп ыдысқа су құйған. Адам аштыққа шыдай алады, бірақ шөлдеуге шыдамайды. Денедегі зат алмасу судың арқасында жүреді. Су тамақты қорытуға көмектеседі және қан тамырларына қажетті қоректік заттарды жеткізеді. Барлық зиянды заттар денеден судың көмегімен жойылады. Ағзадағы судың жетіспеушілігі әртүрлі ауруларға, ал оның артық болуы жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына зиянын тигізіп, терлеуге әкеледі.
Ет. Халқымыз ежелден дәмі әртүрлі тағамдармен жақсы үйлесетін етті қыста кептіріп сақтаған. Ет молшылық пен берекенің белгісі болғандықтан көженің басты құрамы саналады.
Дәнді-дақылдар (арпа, тары, бидай, күріш) Ежелгі шығыс емшілері арпаның емдік қасиеттері туралы көп айтады. Мамандардың айтуынша, арпаны жиі тұтыну адам қанын бұзбайды. Арпаның емдік қасиетінен басқа, оның қанықтылығы да бағаланады. Арпамен қоса басқа тары, бидай, жүгері, күріш сынды дақылдар қосылады.
Сүт немесе айран. Қазақтар ежелден сүт өнімдерін қастерлеген. Сондықтан Наурыз көжеге сүт немесе айран қосылады. Сүт витаминдерге, көмірсулар мен майларға, ақуызға және минералдарға, микроэлементтер мен ферменттерге бай. Сүт өнімдерінің ақ түсі бейбіт әрі таза өмір сүруді білдіреді.
Құрт (ашытылған сүт ұнтағы)Құрт - әлсіз және ауру адамдарға қуат беретін өте күшті ингредиент. Куртты екі-үш жылға дейін сақтауға болады. Өкпе ауруына қымыздан кейінгі екінші ем – Құрт.
Тағамға дәм беретін соңғы ингредиент - тұз. Тұз - адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті заттардың бірі. Ол асқазан сөлінде тұз қышқылын түзу арқылы тағамның дәмімен бірге ағзадағы судың мөлшерін реттейді. Адам ағзасы күніне тамақ арқылы орташа есеппен 10-15 грамм ас тұзын сіңіреді. Ас тұзы тағамның барлық түрлеріне қолданылады. Пайдасы мен зияны байланысты тағамға тұзды дұрыс және мұқият қосу маңызды.
Еліміздің әр өңірінің тұрғындары бұл ұлттық тағамды өз аймағының тенденциясына қарай әр түрлі дәммен дайындайды. Наурыз көжеге қосылатын бұл жеті ингредиент – молшылықтың, байлықтың, сәттіліктің, үлкен бақтың белгісі. Ата-бабамыз айтқандай, Наурыз мейрамын бұл күні тойлаған адам жыл бойы береке мен жақсылықта болады.