Өз үйімдегідей…
Алексей Воробьев – әйгілі ресейлік актер, әнші, БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі, композитор және режисcер, мұхиттың екі жағында да кино саласында сәтті жұмыс істеп, бүкіл әлемде вирустай таралып жатқан музыкалық бейнебаяндарды түсіреді.
Алексей Воробьев Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы және басқа да қалаларына концерттер мен клиптердің тұсаукесерлеріне, халықаралық кинофестивальдарға келіп тұрады. Біз оған өзіміздің дәстүрлі сұрақтарымызды жолдадық.
– Қазақстан сізге несімен ұнады?
– Мен көптеген керемет орындар мен сәулет құрылыстарының тізімін бере аламын. Бірақ егер қасыңызда жақсы адамдар болмаса, мұның бәрі ешқандай әсер қалдырмайды. Ал менің ойымша, Қазақстанда әлемдегі ең мейірімді және қонақжай адамдар жиналған. Мен олармен өзімді өз үйімдегідей жақсы сезінемін.
– Сіз үшін көшпенді деген кім?
– Көшпенді – жер бетіндегі ең бақытты адам. Өйткені ол үшін кез келген жер үй бола алады. Төрт қабырғаға байланбай, өз тағдырын іздейді. Көшпенді тәуелсіз, еркін, демек ол бақытты. Менің ойымша, қазір барлығымызға бірнеше жылға дала кезіп, кең өлкеде жүрек үніне құлақ түріп, өз жолымызды тапқан пайдалы болар еді.
– Қалай ойлайсыз, көшпенділер музасы болған не?
– Көшпенділердің өзін-өзі танып білуге деген ұмтылысы – музасы болды деп ойлаймын. Олардың жолы ұзақ, әрі қауіпті, бағыты белгісіз болса да, тек осы жол арқылы ғана шын мәнінде кім екенін білуге болады. Конфуций айтқандай, «үш жол білімге жетелейді: ойлау жолы – ең асыл жол, еліктеу жолы – ең оңай жол, ал тәжірибе жолы – ең ащы жол».
Көшпенділер жолы – тәжірибе жолы. Ойлау әрқашан оң нәтиже бермейді. Еліктеу ешқашан сәттіліктің кілті бола алмайды. Ал біздің өміріміз тәжірибеден құралған. Өткен өміріңде кедергілер неғұрлым көп және ауыр болса, болашақта соғұрлым оңай болады.
Сұхбаттасқан: Мөлдір Адамжан
Суреттер: Алексей Воробьевтің жеке мұрағатынан